О внесении дополнения в Правила осуществления инвестиционной деятельности компаниями по управлению пенсионными активами, утвержденные постановлением Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 13 августа 1998 года N 11 "О нормативных правовых актах по вопросам компаний по управлению пенсионными активами" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру ережесiне толықтыру енгiзу туралы
Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияларының жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi есебiнен сатып алуға рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзбесiн кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру ережесiне толықтыру бекiтiлсiн және толықтыру мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар рыногын реттеу департаментi (Шалғымбаева Г.Н.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру ережесiне толықтыруды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы және Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру ережесiне толықтыру Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысатын өзiн өзi басқару ұйымдарына (оларға осы қаулымен өздерiнiң мүшелерiн таныстыру мiндетiн жүктей отырып), "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiне және кастодиан-банктерге жiберсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.
Басқа 6. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық
актiлер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен
бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi
компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру
ережесiне ТОЛЫҚТЫРУ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
2001 жылғы 8 қазандағы
N 388 қаулысымен
БЕКIТIЛДI
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық
актiлер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысымен
бекiтiлген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi
компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру
ережесiне ТОЛЫҚТЫРУ
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) "Қазақстанның Даму Банкi" ЖАҚ-ның облигациялары - 5%-тен көп емес.".