О внесении изменений и дополнений в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "О нормативных правовых актах по вопросам компаний по управлению пенсионными активами" от 13 августа 1998 года N 11 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру және зейнетақы активтерін шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына орналастыру кезінде зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) аталған қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар):
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі - Ұлттық комиссия деп аталады)" деген сөздер "бағалы қағаздар рыногындағы қатынастарды реттеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
Қағидалардың барлық мәтіні бойынша түрлі септіктердегі "Ұлттық комиссия", "Ұлттық комиссияның Директораты" деген сөздер тиісті септіктегі "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 3-1
"3-1) шетелдік эмитенттердің осы Қағидалардың 3-2-тармағының 1)-3) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік емес бағалы қағаздары және шетелдік мемлекеттердің осы Қағидалардың 3-3-тармағының талаптарына сәйкес келетін бағалы қағаздары - 10%-тен көп емес және шетелдік эмитенттердің осы Қағидалардың 3-2-тармағының 3-1)-3-3) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік емес бағалы қағаздары - 10%-тен көп емес;";
Тармақ 3-2
3-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 3-2
"3-2. Компания шетелдік эмитенттердің мынадай мемлекеттік емес бағалы қағаздарын сатып алуға құқылы:
Тармақша 1
1) "АА"-дан ("Standart & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Аа2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес рейтинг бағасы бар борыштық бағалы қағаздарды;
Тармақша 2
2) борыштық бағалы қағаздарының "АА"-дан ("Standart & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Аа2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес эмитенттердің акцияларын;
Тармақша 3
3) "АА"-дан ("Standart & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Аа2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес рейтинг бағасы эмитенттердің бағалы қағаздарын осы бағалы қағаздарды зейнетақы активтері есебінен сатып алуға уәкілетті органның рұқсат етуі шартымен;
Тармақша 4
4) "А"-дан ("Standart & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес рейтинг бағасы бар борыштық бағалы қағаздарды;
Тармақша 5
5) борыштық бағалы қағаздарының "А"-дан ("Standart & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес эмитенттердің акцияларын;
Тармақша 6
6) "А"-дан ("Standart & Poor's" және "Fitch IBCA" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А2"-ден ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес рейтинг бағасы эмитенттердің бағалы қағаздарын осы бағалы қағаздарды зейнетақы активтері есебінен сатып алуға уәкілетті органның рұқсат етуі шартымен.";
Тармақша 2
2) аталған қаулымен бекітілген Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына V980641_ :
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі - Ұлттық комиссия деп аталады)" деген сөздер "бағалы қағаздар рыногындағы қатынастарды реттеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
Қағидалардың барлық мәтіні бойынша түрлі септіктердегі "Ұлттық комиссия", "Ұлттық комиссияның Директораты" деген сөздер тиісті септіктегі "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енгізіледі.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі тұлғаларына, "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетіне,
кастодиан-банктерге, бағалы қағаздар рыногының өзін-өзі реттейтін
ұйымдарына жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.