О внесении изменений в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 13 августа 1998 года N 11 "О нормативных правовых актах по вопросам организаций, осуществляющих деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.07.2003 № 264 қаулысымен.
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына:
2-тармақта:
1) тармақшадағы "50%-тен кем емес" деген сөздер "45%-тен кем емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "10%-тен аспайтын" деген сөздер "20%-тен аспайтын" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамына, кастодиан - банктерге, бағалы қағаздар рыногының өзін-өзі реттейтін ұйымдарына және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияларға жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.