О внесении изменения в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "О нормативных правовых актах по вопросам компаний по управлению пенсионными активами" от 13 августа 1998 года N 11 Күшін жойған
Басқа 0
"Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.07.2003 N 264 қаулысымен.
Зейнетақы активтерін инвестициялау кезіндегі қауіп-қатерлерді төмендету мақсатында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы" Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 12 қарашада 642 нөмірмен тіркелген Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы "20%-тен көп емес" деген сөздер "10%-тен көп емес" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. 2000 жылдың 01 шілдесіне дейін зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың олардың инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерін аталған қаулымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 12 қарашада 642 нөмірмен тіркелген Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларының (осы Қаулымен енгізілген өзгерісті ескере отырып) 2-тармағы 3) тармақшасының шарттарына сәйкес келтіруге міндетті екендіктері белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енетіндігі белгіленсін.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) назарына жеткізсін.
Тармақ 5
5. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны Реформалау бөлімі:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (осы күшіне енгізілгеннен кейін) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің назарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген ұйымдардың назарына жеткізсін;
Тармақша 3
3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.