О внесении изменений и дополнения в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "О нормативных правовых актах по вопросам компаний по управлению пенсионными активами" от 13 августа 1998 года N 11 Күшін жойған
Басқа 0
"Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына толықтыру енгiзу туралы
Зейнетақы активтерiн шетелдiк эмитенттердiң мемлекеттiк емес бағалы қағаздарына орналастыру кезiнде зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың тәуекелдерiн төмендету мақсатында және рейтингтiк агенттiк атауының өзгеруiне байланысты "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы заңының 6-бабы 2-тармағының 9) тармақшасының және 51-бабының негізiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 12 қарашада 642 нөмiрмен тiркелген Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларында (Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк актiлер жинағы, 1998 жыл, II том, 241-бет; "Рынок и право". "Рынок ценных бумаг Казахстана" журналына қосымша, 1999 ж., N 2(3), 17-бет; N 7(8), 9, 10, 12-беттер; N 8(10) 16-бет; 2000 ж., N 1(2), 9-бет; N 5(10), 7-бет):
3-2-тармағында:
Тармақша 1
1) 1) тармақшасындағы "Ғitсh IВСА" сөздерi "Ғitсh IВСА, Duff & Рhеlрs" сөздерiмен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 2) тармақшасындағы "Ғitсh IВСА" сөздерi "Ғitсh IВСА, Duff & Рhеlрs" сөздерiмен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) 3) тармақшасында:
"Ғitсh IВСА" сөздерi "Ғitсh IВСА, Duff & Рhеlрs" сөздерiмен ауыстырылсын;
"("Мооdу's" жiктеуi бойынша)" деген сөздерден кейiн ", осы бағалы қағаздардың Ұлттық комиссия Директоратының келiсуiмен зейнетақы активтерiнiң есебiнен сатып алуға рұқсат етiлген шартымен" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппараты Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және кастодиан - банктердiң назарына жеткiзсiн;
Тармақша 2
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.