О внесении изменений в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 13 августа 1998 года N 11 "О нормативных правовых актах по вопросам организаций, осуществляющих деятельность по инвестиционному управлению пенсионными активами" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.07.2003 N 264 қаулысымен. Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық мүмкіндігін кеңейту мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 15-1-тармағының 3 және 10-тармақшалары негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларында: 2-тармақта: 1) тармақшадағы "40%-тен кем емес" деген сөздер "35%-тен кем емес" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-2) тармақшадағы "5%-дан аспайтын" деген сөздер "10%-тен аспайтын" деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақшадағы "45%-дан кем емес" деген сөздер "50%-тен кем емес" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-1) тармақшадағы "5%-дан кем емес" деген сөздер "10%-тен кем емес" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияларға, кастодиан банктерге және бағалы қағаздар рыногының өзін-өзі реттейтін ұйымдарына жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.