О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 13 марта 1998 года № 177 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 13 мамырдағы N 177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 мамырдағы қаулысының 2-тармағын орындау үшін Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 13 тамыздағы N 177 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: осы бұйрықпен бекітілген нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия берудің тәртібі туралы Ережеге: 5-тармақтың абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Лицензиат бір жолғы лицензиялық алымды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мөлшерде төлейді". 13-тармақтағы "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес 10-еселенген есептік көрсеткіш" деген сөздер "осы Ереженің 5-тармағымен көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.