О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 мая 1999 года N 569 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысына толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.06. N 434 қаулысымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 18, 197-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген, 1999 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешектерді өтеудің тәртібі туралы ережеде: 5-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацындағы "барлық мүшелері" деген сөздердің алдынан "жиналысқа қатысушы" деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын: "Комиссияның ұсынысы, егер мәжіліске Комиссияның жалпы құрамының кемінде бес адамы қатысса, қабылдануы мүмкін. Комиссияның шешімі қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Жұмыс пен консультациялар үшін Комиссияның белгіленген тәртіппен консультанттары, сарапшылар мен мемлекеттік органдардың қызметшілерін тартуға құқығы бар.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.