О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 мая 1999 года N 569 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.06. N 434 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 18, 197-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 1999 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешекті өтеудің тәртібі туралы ережеде:
37-тармақтағы "негіздемелер жеткілікті болған" деген сөздер "тапсырылған құжаттар осы Ереженің 10-36-тармақтарында жазылған талаптарға сәйкес келген" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.