О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 декабря 1999 года N 904-I "Об утверждении Правил по применению разрешительной системы при осуществлении международных автомобильных перевозок в Республике Казахстан" (зарегистрированный за N 1027) Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесін қолдану жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 904-І бұйрығына (1027-нөмірмен тіркелген) өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесін жетілдіру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесін қолдану жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 904-І бұйрығына ("Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 1999 жылғы 13 желтоқсандағы N 904-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрінің 2001 жылғы 10 шілдедегі N 217-І бұйрығымен (Әділет министрлігінде 2001 жылғы 8 тамызда 1618-нөмірмен тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 қаңтарда 1027-нөмірмен тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесін қолдану ережесінде: 5-тармақтың екінші абзацында "Көрсетілген арнайы құжаттарынан басқа" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі Е.Ж.Қошановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді.