О внесении изменений в решение акима Костанайской области от 13 сентября 1999 года № 207 Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 13 қыркүйектегі № 207 шешіміне өзгертулер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 13.06.2002 № 61 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мөселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрмыс үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармақшасының екінші бөліміне енгізілген өзгертулерге байланысты ШЕШТІМ :
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 13 қыркүйектегі № 207 «Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу және «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу тәртібін бекіту туралы» шешіміне (облыстық әділет басқармасында 1999 жылғы 28 қыркүйекте 117 болып тіркелген) төмендегідей өзгертулер енгізілсін :
1) 4 тармақшадағы «аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметке төлеуге жәрдемақы түріндегі көмектің» деген сездері алып тасталсын.
2) Аталған шешіммен бекітілген атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібінде :
1 тараудың 4 тармақшасында:
екінші азат жолдағы «тұрғын үй жәрдемақысы» деген сөздер «тұрғын үйлік көмек» деген сөздермен ауыстырылсын,
бесінші азат жолдағы «тұрғын үй жәрдемақысынан басқа» деген сөздер «тұрғын үй көмегінен басқа» сөздерімен ауыстырылсын.
4 тараудағы 4 бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үйлік көмек.
Тұрғын үйлік көмек аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке меншік тұрғын үйден басқа) және коммуналдық қызметке ақы төлеуге беріледі. Тұрғын үйлік көмек бір жерде тұрғылықты тұратын, тұрғын үйді меншіктенуші әйтпесе жалдаушы болып табылатын адамға беріледі. Тұрғын үйлік көмектің мөлшері мен беру тәртібін жергілікті өкілетті органдар анықтайды.»
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.