О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 марта 2000 года N 383 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N 383 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы Қайталама қара және түсті металдар рыногын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Қайталама қара және түстi металдар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы N 383 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 148-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгізiлсiн: 2-1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: "3) тоқсан сайын, тоқсанның соңғы айының 25-күнi өнеркәсiп саласындағы орталық уәкiлетті органға берiлген, тоқтатыла тұрған және қайтарып алынған лицензиялар, мамандандырылған кәсiпорындардың тiзбесiне енгізiлген заңды тұлғалар туралы, сондай-ақ лицензияларды тоқтата тұру және қайтарып алу жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы есеп берсiн."; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату жөнiндегі қызметiн лицензиялаудың ережесiнде: 2-1-тармақ алынып тасталсын; 21-тармақта: бiрiншi абзацтағы ", оның iшiнде" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын: "22) өнеркәсiп саласындағы орталық уәкiлетті органның келiсуi"; көрсетiлген Ережеге қосымшада: 4-тармақтағы "қызметi мамандандырылған ұйымдар" деген сөздердiң алдынан "түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және сату" қызметi түрiне лицензиясы бap" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.