О внесении изменений и дополнений в распоряжение Акима области от 13 марта 2000 г. № 1-836 р Күшін жойған
Басқа 0
Облыс Әкiмiнiң 2000 жылғы 13 наурыздағы № 1-836ө өкiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2001 жылғы 15 мамырдағы № 1-1171р өкімімен.
Тармақ 1
1. "Ең төмен күнкөрiс деңгейi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 474-1 Заңына, "Ең төмен кедейлiк шегiн белгiлеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 сәуiрдегi № 537 Қаулысына сәйкес және "Халықтың аз қамтамасыз етiлген топтарын қорғау, адрестiк әлеуметтiк көмекке мұқтаж отбасыларын қамтуды ұлғайту мақсатында аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және тұрғын-үй коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үйлiк көмек көрсету туралы" Ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Тұрғын көмегiн беру шарты" тарауында:
4-абзац - "Егер тұрғын үй көмегiн беру туралы өтiнушi жалақысын сақтамайтын демалыста болса немесе жұмыспен қамту қызметiнде тiркелсе, бiрақ материалдық көмек алмайтын болса, оның табысына үш есептiк көрсеткiш ескерiледi, оның мөлшерiн республикалық бюджет өтiну кезеңiне белгiлеген" деген сөздер алынып тасталсын.
9-абзац - "Қатарынан екi тоқсан бойы аттестациялаудан өтпеген, оның себептерiне қарамастан, тұрғын үй көмегiн есептеу өтiну атынан жүзеге асырылады" деген сөздер алынып тасталсын.
1-абзацтың 5-тармақшасы "Егер отбасының ортажандық жиынтық табысы ең кедейлiк шегi мөлшерiнен кем болса, онда тұрғын үй көмегiн белгiлеген кезде жиынтық табыс тұрғын үйдi ұстау және тұрғын үй-коммуналдық қызмет үшiн ақы төлеудi ескерусiз есептелуi қажет" деген сөздермен толықтырылсын.
5-тармақшаның 2-абзацы жаңадан енгiзiлсiн: "Отбасына жиынтық табысты белгiлеген кезде бала кезiнен мүгедектер, сондай-ақ балалар (толық жетiм) алатын жәрдемақылардың барлық түрi ескерiлмесiн" одан әрi мәтiн бойынша.