О реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 13 июля 2000 года № 1067 "О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2000 года № 406 "О квоте иммиграции на 2000 год" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2000 жылға арналған кұшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 17 маусымдағы № 406 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 шiлдедегi № 1067 қаулысын жүзеге асыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 28 шілдедегі № 90 шешімімен. "2000 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 17 маусымдағы № 406  Жарлығын  және осы мәселе туралы Үкiмет қаулысын орындау үшiн  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiлген 2000 жылға арналған шет елдерден көшiп келу квотасына сәйкес 20 репатрианттар (оралмандар) отбасылары облыстың аудандарына № 1 қосымшаға сәйкес бөлiнсiн.
Тармақ 2
2. Репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларын қабылдау мен жайластыруға байланысты мәселелердi жедел шешу мақсатында № 2 қосымшаға сәйкес облыстық штаб құрылсын.
Тармақ 3
3. Көшi-қон және демография басқармасы:
Тармақша 1
1) өздерiнiң тарихи Отанына қайтуға тiлек бiлдiрген репатрианттарды (оралмандарды) облысқа белгiленген көшiп келу квотасы шеңберiнде қоныстандыруды және жайластыруды қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) оралмандар отбасыларын және олардың үй мүлiктерiн қоныстану пункттерiне дейiн тасымалдауды қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) репатрианттарға (оралмандарға) уақтылы бiр жолғы жәрдемақылар төлеудi, көлiк шығындарын өтеудi және оларды тұрғын үймен қамтамасыз етсiн;
Тармақша 4
4) Республикалық бюджеттен репатрианттар (оралмандар) отбасыларын қоныстандыруды, қабылдауды және жайластыруды ұйымдастыруға бөлiнген қаржыларды мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсiн;
Тармақша 5
5) репатрианттарды (оралмандарды) жергiлiктi жерлерде қоныстандыруға және жайластыруға байланысты облыстық басқармалардың және атқарушы органдардың жұмыстарын үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi:
Тармақша 1
1) репатрианттарды (оралмандарды) қабылдауды, жайластыруды және оларға қажеттi әлеуметтiк тұрмыстық жағдайлар жасауды қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) репатрианттардың (оралмандардың) отбасыларын туыстық байланыстарына және мамандықтарына қарай еңбекке орналастыру үшiн жинақы қоныстандыру мекендерiн анықтасын;
Тармақша 3
3) белгiленген тәртiппен оларға тұрғын үйлер құрылысы және шаруашылық жүргiзу үшiн жер учаскелерiн бөлсiн;
Тармақша 4
4) репатрианттардың (оралмандардың) балаларын жергiлiктi бюджеттегi бiлiм беру мекемелерiнде тегiн оқытуды және тәрбиелеудi, ересек адамдарды хат тануға, қазiргi кездегi қазақ емлесiне оқытуды ұйымдастырсын;
Тармақша 5
5) репатрианттарға (оралмандарға) өз меншiк iстерiн ұйымдастыруға, ұлттық кәсiптердi жаңғыртуға, фермерлiк және шаруа қожалықтарын ұйымдастыру үшiн шағын несиелер бөлiнуiне жәрдемдессiн.
Тармақ 5
5. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы:
Тармақша 1
1) облыс аумағына тұрақты тұруға келген репатрианттарды (оралмандарды) әлеуметтiк қамтамасыз ету мәселелерiн, оның iшiнде зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындауды Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес шешсiн;
Тармақша 2
2) репатрианттар (оралмандар) отбасыларының ересек еңбекке қабiлеттi мүшелерiн олардың бiлiктiлiгi мен мамандығына сәйкес жұмыспен қамту жөнiнде шаралар қабылдасын.
Тармақ 6
6. Денсаулық сақтау басқармасы:
Тармақша 1
1) репатрианттар (оралмандар) отбасылары белгiленген мекен жайларына жеткенге дейiнгi жолдарда санитарлық-тазалық талаптарының орындалуын қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) облысқа келген репатрианттарды (оралмандарды) тегiн дәрiгерлiк тексеруден өткiзудi қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) репатрианттарға (оралмандаға) дәрiгерлiк қызмет көрсетудiң кепiлдi көлемiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Бiлiм беру департаментi:
Тармақша 1
1) репатрианттардың (оралмандардың) мектеп жасындағы балаларын жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқумен толық қамтамасыз етсiн.
Тармақша 2
2) репатрианттар (оралмандар) балаларының жоғары және арнаулы орта оқу орындарына түсу тәртiбiн белгiлесiн.
Тармақ 8
8. Шығыс Қазақстан облыстық Бас кеден басқармасы:
Тармақша 1
1) қажет болған жағдайда қосымша уақытша кеден постыларын ұйымдастырсын.
Тармақ 9
9. Iшкi iстер басқармасы:
Тармақша 1
1) репатрианттардың (оралмандардың) облыс аумағы жолдарында және олардың орналасқан жерлерiнде жеке бастарының және мүлiктерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) келген репатрианттарды (оралмандарды) уақтылы тiркеудi және республиканың аумағында тұруы мен жүрiп тұруына арналған құжаттарды уақытында рәсiмдеудi қамтамасыз етсiн;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Заңдарына сәйкес түпкiлiктi тұруға рұқсат алған және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға тiлек бiлдiрген адамдардың қажеттi құжаттарын рәсiмдеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 10
10. Осы шешiмнiң орындалу қорытындысы туралы облыс әкiмi аппаратына үстiмiздегi жылдың 25 желтоқсанына дейiн жазбаша хабарлама беру көшi-қон және демография басқармасына тапсырылсын.
Тармақ 11
11. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Абайдильдинге жүктелсiн.
Басқа 33. Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2000 жылға белгiленген көшiп келу квотасына сәйкес репатрианттар (оралмандар) отбасыларын бөлу
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 2000 жылғы 14 тамыз № 893 шешiмiне № 1 қосымша Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2000 жылға белгiленген көшiп келу квотасына сәйкес репатрианттар (оралмандар) отбасыларын бөлу Облыс әкiмi аппаратының жетекшiсi Т. Ибраев
Басқа 34. Репатрианттарды (оралмандарды) қабылдау және жайластыру жөнiндегi облыстық штабтың құрамы
Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң 2000 жылғы 14 тамыз № 893 шешiмiне № 2 қосымша Репатрианттарды (оралмандарды) қабылдау және жайластыру жөнiндегi облыстық штабтың құрамы Абайдильдин Т.Ж. - облыс әкiмiнiң орынбасары, штаб бастығы Омаров Б.А. - көшi-қон және демография жөнiндегi басқармасының бастығы, штаб бастығының орынбасары Штаб мүшелерi: Болотова О.Г. - еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы бастығының орынбасары Утепов Б.М. - облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары Бактыбаев Ж.Т. - iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары Райсов М.К. - денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Малгаждаров А.Б. - Шығыс Казақстан облыстық Бас кеден басқармасы бастығының орынбасары Шакенов М.Ш. - сауда және қызмет көрсету департаментiнiң бастығы Сабитов Т.К. - жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет төрағасының орынбасары Данияров Б.К. - мәдениет, спорт және туризм жөнiндегi басқармасының бастығы Коляда Ю.И. - мемлекеттiк санэпидемиялық бақылау басқармасы бастығының орынбасары Аязбаев Е.М. - бiлiм департаментi бастығының орынбасары Облыс әкiмi аппаратының жетекшiсi Т.Ибраев