О мерах по выполнению постановления Правительства Республики Казахстан от 13 июля 2000 года № 1067 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан» от 17 июня 2000 года № 406 «О квоте иммиграции на 2000 год» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 шілдедегі № 1067 «Қазақстан Республикасы Президентінің «2000 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» 2000 жылғы 17 маусымдағы № 406 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысын орындау жайлы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 шілдедегі № 1067 «Қазақстан Республикасы Президентінің «2000 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» 2000 жылғы 17 маусымдагы № 406 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысын орындауда ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандар әкімдері: Монголиядан және Ресей Федерациясынан көшіп келетін оралмандар (репатриант) отбасыларын қабылдауды және орналастыруды қамтамасыз етсін. Оларға қажетті (1 қосымша) әлеуметтік-тұрмыстық жағдай туғызсын; - бір жетінің ішінде оралмандарды (репатриант) туыстарына жақын және өндірістік-шаруашылықтық байланыстарына сәйкес жайлы орналастыратын мекен-жайлардың және меншік нысанына қарамастан жұмысқа орналастыратын мекемелердің және шаруашылықтардың тізімдерін анықтап, облыстық көші-қон және демография басқармасына берсін; - белгіленген тәртіп бойынша оралмандарға (репатриант) үй-жай салуы немесе жеке шаруашылықпен айналысуы үшін көші-қон жер қорынан жер учаскелерін бөлсін.
Тармақ 2
2. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (Киколенко О.А.): Қазақстан Республикасының зандарына және халықаралық келісімдерге сәйкес әлеуметтік қамтамасыз ету, оралмандарға (репатриант) зейнетақы және басқа да тиесілі жәрдемақыларды тағайындау мәселелерін шешсін; - еңбек жасындағы оралмандарды (репатриант) мамандықтарына, кәсібіне сәйкес жұмысқа орналастыру, сонымен қатар қажетті мамандықтарға дайындау шараларын жүзеге асыруда пәрменді шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Облыстық ішкі істер басқармасы (М.М. Оразалиев): - оралмандарды (репатриант) Қазақстан Республикасы аумағына көшіріп әкеле жатқан жолда және олардың жаңадан қоныстанган мекен- жайларында жеке басының және дүние-мүліктерінің қауіпсіздігін; - оралмандарды (репатриант) уақытында тіркеуді Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттайтын құжаттарын дайындауды; - қолданылып жүрген заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алғысы келетін оралмандардың (репатриант) қажетті құжаттарын дайындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.М. Ғалымжанов) облысқа қоныстануға келген оралмандарды (репатриант) ақысыз дәрігерлік бақылаудан өткізуді ұйымдастырсын, оларды тұрақгы мекен-жайына дейін ұйымдасқан түрде жеткізуде дәрігерлік көмек көрсету үшін медицина қызметкерлерін бөлсін.
Тармақ 5
5. Облыстық білім департаменті (Г.Г. Шек): - оралмандардың (репатриант) шет елдерден алған білімі туралы құжаттарын Қазақстан Республикасының жалпы білім алу стандарттарына сәйкестігін тану мәселесін шешуді қамтамасыз етсін. Қажет болған жағдайда өтпелі оқу жоспары және қысқартылған мерзім бойынша кәсіби оқу орындарында қосымша оқыту ұйымдастырсын; - оралмандардың (репатриант) мектеп жасындағы балаларын ана тілінде оқытуда жергілікті, бюджеттен қаржыландырылатын мектептерде тегін оқытуға және тәрбиелеуге орналастыруды, қажет болған жағдайда балаларды мемлекеттік тілде оқытатын қосымша сыныптар ашуды ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық ауыл шаруашылық департаменті (Б.Н. Сағындықов) қажет болған жағдайда оралмандарға (репатриант) жеке меншігіндегі малын шыққан мемлекетінен жаңа қонысына айдап, тасып әкелуді малдәрігерлік бақылаудан өткізуді ұйымдастыруға көмек көрсетсін.
Тармақ 7
7. Оралмандарды (репатриант) ата мекенге көшіріп әкелу, жергілікті жерде қабылдау және қалыпты орналастыру мәселелерін тез арада шешу үшін облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановтың басшылығымен облыстық комиссия құрылсын (2 қосымша). Оралмандарды (репатриант) қабылдайтын аудандардың және қалалардың әкімдері осы сияқты комиссиялар құрсын.
Тармақ 8
8. Қалалар және аудандар әкімдері, облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, облыстық ішкі істер басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық білім департаменті, облыстық ауыл шаруашылық департаменті басшыларын осы шешімнің орындалуы туралы ақпаратты үстіміздегі жылдың 15 желтоқсанына дейін облыс әкімінің аппаратына тапсырсын.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
Басқа 10. 2000 жылға арналған репатрианттар (оралмандар) отбасын қабылдау мен орналастыру квотасын бөлу
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 21 тамыздағы № 164 шешіміне 1 қосымша 2000 жылға арналған репатрианттар (оралмандар) отбасын қабылдау мен орналастыру квотасын бөлу Рет Қалалар мен аудандар Орналасатын отбасыларының саны Монғолия Ресей Федерациясы 1. Алтынсарин 3 2. Амангелді 3. Әулиекөл 4. Арқалық 5. Денисов 6. Жангелдин 7. Жітіқара 2 8. Қамысты 9. Қарабалық 2 10. Қарасу 11. Қостанай 4 12. Меңдіқара 3 2 13. Науырзым 14. Сарыкөл 15. Таран 16. Ұзынкөл 17. Федоров 18. Қостанай 4 19. Лисаков 20. Рудный ИТОГО: 10 10
Басқа 11. Репатрианттарды (оралмандарды) қабылдау мен орналастыру жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 21 тамыздағы № 164 шешіміне 2 қосымша Репатрианттарды (оралмандарды) қабылдау мен орналастыру жөніндегі облыстық комиссияның құрамы Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы - облыс әкімінің орынбасары, комиссияның төрағасы Қаражанов Ақшал Ахметұлы - облыстық көші-қон және демография басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Комиссия мүшелері Аронова Ирина Петровна - аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қордың атқарушы директоры (келісім бойынша) Сағындықов Бақытжан Нұрмағамбетұлы - ауыл шаруашылығы және азық-түлік департаментінің директоры Ғалымжанов Едіге Молдахметұлы - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Дихаев Мереке Қасымұлы - жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитеттің төрағасы (келісім бойынша) Оразәлиев Молдияр Молыбайүлы - облыстық ішкі істер басқармасының бастығы Киколенко Ольга Андреевна - еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы Орынтаев Сағындық Мұқашұлы - қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы (келісім бойынша) Шек Генрих Генрихович - облыстық білім департаментінің директоры