О внесении изменений в указы Президента Республики Казахстан от 13 апреля 2000 года № 371 "Об утверждении Перечня должностных лиц государственных органов, наделенных полномочиями по отнесению сведений к государственным секретам Республики Казахстан" и от 19 марта 2010 года № 954 "О Системе ежегодной оценки эффективности деятельности центральных государственных и местных исполнительных органов областей, города республиканского значения, столицы" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 және "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 186-құжат; 2004 ж., № 21, 263-құжат; 2005 ж., № 32, 426-құжат; 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2010 ж., № 49, 439-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде: «4. Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызметтер саласындағы мәліметтер» деген бөлімде: он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Ішкі істер министрі, 14) Нақты адамдардың қылмыстық-атқару Қаржы министрі жүйесінің, кеден және салық органдары, сондай-ақ ішкі істер органдары жедел бөлімшелерінің кадрлық құрамына қатыстылығын ашатын мәліметтер.»;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Өздеріне қатысты олардың қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың тізбесінде: төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі».
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.