О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 13 апреля 2000 года № 371 "Об утверждении Перечня должностных лиц государственных органов, наделенных полномочиями по отнесению сведений к государственным секретам Республики Казахстан" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 186-құжат; 2004 ж., № 21, 263-құжат; 2005 ж., № 32, 426-құжат; 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2010 ж., № 49, 439-құжат; 2012 ж., № 33, 419-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде: кестенің 1-бағанында: «Әскери саладағы мәліметтер» деген 1-бөлімде: тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қорғаныс министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Білім және ғылым министрі, Атом энергиясы агенттігінің төрағасы»; он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Көлік және коммуникация министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Білім және ғылым министрі, Ауыл шаруашылығы министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Республикалық ұланның қолбасшысы, Мұнай және газ министрі»; он төртінші, он бесінші, он алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Көлік және коммуникация министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры, Республикалық ұланның қолбасшысы; Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Көлік және коммуникация министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры; Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Көлік және коммуникация министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры, Республикалық ұланның қолбасшысы»; «2. Экономика, ғылым және техника саласындағы мәліметтер» деген бөлімде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Экономика, білім, ғылым және техника саласындағы мәліметтер»; отыз бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Атом энергиясы агенттігінің төрағасы»; мынадай мазмұндағы отыз алтыншы абзацпен толықтырылсын: « Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стрі 36) Бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен өт­кі­зі­ле­тін ұлт­тық бі­рың­ғай ұлт­тық те­сті­ле­уді, ке­шен­ді те­сті­леу мен те­сті­ле­удің бас­қа да түр­ле­рін өт­кі­зу ке­зін­де пай­да­ла­ны­ла­тын те­сті­лер­дің маз­мұ­нын және олар­дың дұ­рыс жа­у­ап­та­ры­ның код­та­рын аша­тын мә­лі­мет­тер. »; кестенің 2-бағанында: «4. Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызметтер саласындағы мәліметтер» деген 4-бөлімде: 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) Үкіметтік байланыс, шифрланған, құпияландырылған, кодталған немесе арнаулы байланыстың өзге де түрлерінің жүйесі туралы мәліметтер және мемлекеттік шифрлар, кодтар, оларды талдаудың әдістері немесе құралдары, шифрлау, құпияландыру, кодтау құралдары туралы ақпарат.».
Тармақ 2
2. Мүдделі мемлекеттік органдар екі ай мерзімде өздерінің құпияландыруға жататын мәліметтерінің ведомстволық тізбелерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.