О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям от 13 июня 2001 года N 113 "Об утверждении Правил разработки Декларации безопасности промышленного объекта и Правил проведения экспертизы Декларации безопасности промышленного объекта" Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздік декларациясын әзірлеу ережесін және Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздік декларациясына сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 13 маусымдағы N 113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 1449 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1112 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздік декларациясын әзірлеу ережесін және Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздік декларациясына сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1593 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқада мемлекеттік органдарының 2001 жылғы нормативтік құқықтық актілерінің N 30 Бюллетенінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 13 маусымдағы N 113 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздік декларациясын әзірлеу ережесінде: бүкіл мәтін бойынша: "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі" деген сөздер "Комитет" деген сөзбен тиісті септіктерде ауыстырылсын; "облыстық, Астана және Алматы қалаларының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалары" деген сөздер "Комитеттің аумақтық органдары" деген сөздермен тиісті септіктерде ауыстырылсын. 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "7. Қазақстан Республикасы облыстары (республикалық маңызы бар қалаларының, астананың) жергілікті атқарушы органдарының бастамасымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетімен (бұдан әрі - Комитет) немесе оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы) аумақтық органдарымен (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық органдары) келісе отырып, шекті саны азайтылуы мүмкін, бұл осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген жағдайларда болуы мүмкін."; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздік декларациясына сараптама жүргізу ережесінде: бүкіл мәтін бойынша: "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі" деген сөздер "Комитет" деген сөзбен тиісті септіктерде ауыстырылсын; 2-тармағында "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы арнайы уәкілетті мемлекеттік органның" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің (бұдан әрі - Комитет)" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.