О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 апреля 2002 года N 130 "О порядке представления еженедельной и ежемесячной отчетности профессиональными участниками рынка ценных бумаг и организаторами торгов с ценными бумагами", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1865 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1865 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың апта және ай сайынғы есепті ұсыну тәртібі туралы" 2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың есепті ұсыну тәртібін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың апта және ай сайынғы есепті ұсыну тәртібі туралы" 2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1865 тіркелген, 2002 жылғы мамырда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, N 5) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақтың: 1) тармақшасының үшінші абзацы алынып тасталсын; 2) тармақшаның үшінші абзацы алынып тасталсын; 4-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын; 1-қосымшадағы кестедегі 11-бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Орналастыру"; 3-қосымшаның кестесі мынадай мазмұндағы 11-бағанмен толықтырылсын: "Орналастыру"; 5-қосымшаның кестесі мынадай мазмұндағы 10, 11-бағандармен толықтырылсын: "10 "Қарсы бұйрықтың күні"; 11 "Қарсы бұйрықтың номері"; 6-қосымшаның кестесі мынадай мазмұндағы 9, 10, 11-бағандармен толықтырылсын: "9 "Қарсы бұйрықтың күні"; 10 "Қарсы бұйрықтың номері"; 11 ""; 8-қосымшаның кестесі мынадай мазмұндағы 10-бағанмен толықтырылсын: "Орналастыру"; 9-қосымшаның: 2-тармағындағы "1-4, 6-8" деген сандар "1, 3, 6, 8" деген сандармен ауыстырылсын; 3-тармағындағы "1-8" деген сандар "1, 3, 5, 6, 8" деген сандармен ауыстырылсын және "Күні" деген сөздің алдына "Қарсы бұйрықтың" деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақтағы "2" деген сан "3" деген санмен ауыстырылсын; 5-тармақ алынып тасталсын; 6-тармақтағы "1-3, 7" деген сандар "1, 3" деген сандармен ауыстырылсын; 7-тармақтағы "1-3, 7" деген сандар "1, 3" деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын: "7-1. "Орналастыру" бағанын толтыру кезінде 1, 3, 8-қосымшаларда мынадай символдар пайдаланылады: "1" - бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру; "2" - бағалы қағаздарды екінші рет орналастыру."; 8-тармақтағы "4, 5-қосымшаларда" деген сөздер "5-қосымшада" деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақ алынып тасталсын; 11-тармақтың 4) тармақшасының үшінші абзацындағы "операцияларды" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тараптардың бірі осы бағалы қағаздардың эмитенті болып табылатын мәмілелер бойынша бағалы қағаздар ұстаушыларының жеке шоттары бойынша операцияларды" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолдансын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, сауда-саттық ұйымдастырушыларға өзін-өзі реттейтін ұйымдарға, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті және бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, сауда-саттық ұйымдастырушылардың және өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мүшелері болып табылмайтын ұйымдарға жіберсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.