О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2002 года N 1311 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1311 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптiк кеңестерінің кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1311 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтілген Облыстың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптік кеңесi туралы үлгi ережеде: мәтiнде "Комиссия", "Комиссияның", "Комиссиямен", "Комиссияны" деген сөздер тиiсiнше "Агенттiк", "Агенттiктiң, "Агенттікпен", "Агенттіктi" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшiлердiң қызметтiк этиканы сақтауы мәселелерi жөніндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрі - Агенттiк)" деген сөздермен ауыстырылсын, "үйлестiретiн" деген сөзден кейiн ", бақылайтын және тексеретiн" деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақта: 1) тармақшада: "мен ұйымдар" деген сөздер алынып тасталсын; "(бұдан әрi - мемлекеттiк органдар)" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттік ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақшада "Комиссияның" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшілердің қызметтiк этиканы сақтауы мәселелерi жөніндегi комиссияның және" деген сөздермен толықтырылсын; 5) тармақша алынып тасталсын; 4-тармақта: бiрiншi абзацта: "7" деген сан алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Кеңес мүшелерінің саны тақ болуға және 7 адамнан кем болмауға тиiс."; екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысымен" деген сөздер "Aгeнттік төрағасымен" деген сөздермен ауыстырылсын; төртiншi абзацтағы "төрағасының" деген сөз өзгерiссiз қалдырылсын; 8-тармақта: 6) тармақшадағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгiнiң" деген сөздер "Агенттiктiң" деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын: "8-1. Кеңестiң жұмыс органы өз құзыретi шегiнде Кеңес төрағасының өкiмiмен тексерулер жүргізедi, осы Ереженiң 9-тармағында көрсетілген адамдарға қатысты тәртіптiк iстердi қарау үшiн материалдар дайындайды және Кеңес алдында тұрған мiндеттердi қамтамасыз ету үшiн өзге де функцияларды жүзеге асырады."; 9-тармақтағы "С (С-1, С-2, С-3 санаттарының, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдар, олардың ведомстволарының қызметшiлерiнен басқа), D және E санаттары топтарының" деген сөздер "орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және жергiлiктi сот кеңселерiнiң (басшылар мен олардың орынбасарларынан басқа), жергілiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақ "Комиссияның" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердің қызметтiк этиканы сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссияның және" деген сөздермен толықтырылсын; 11-тармақта: бiрiншi абзацтағы "үш апта" деген сөздер "екi аптаға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Кеңестiң отырысында тәртiптiк iстi қарағанға дейiн оның хатшылығымен алдын-ала бiр айға дейiнгi мерзiмде iске қатысты мән-жайлар мен мәлiметтер зерделенетiн тексеру жүргiзiледi, тәртiптiк жауапкершілiкке тартылатын адамдардан жазбаша түсiнiктемелер талап етіледi, ал Кеңестiң отырысында тәртіптiк iстi қарау, әдетте, олардың қатысуымен өтедi."; 12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "1) мемлекеттiк органдар мен мемлекеттік ұйымдардың басшыларына осы Ереженiң 9-тармағында көрсетілген адамдарға тиiстi тәртіптiк жаза қолдануды ұсынады;"; 14-тармақтағы "сотқа" деген сөз алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.