О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 13 декабря 2002 года N 67 "Об утверждении и введении в действие Правил единого порядка ведения учета лиц, совершивших умышленные административные правонарушения, дела о которых подведомственны судам; признанных в установленном порядке недееспособными либо ограниченно дееспособными, а также лиц, лишенных судом права занимать государственные должности", зарегистрированный за N 2115 Күшін жойған
Басқа 0
№ 2115 санымен тіркелген "Істері соттардың ведомствосына қарасты қасақана әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалардың; белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған, сондай-ақ мемлекеттік лауазымды иелену құқығы сотпен айырылған тұлғалардың есебін бірыңғай тәртіпте жүргізу Қағидасын бекіту мен іске қосу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2002 жылдың 13 желтоқсанындағы № 67 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы
Келісілген:
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
________________________
1 сәуір 2004 жыл
"Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы мәліметтердің орталықтандырылған банкін құру туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылдың 5 желтоқсанындағы N 67 бұйрығының негізінде (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2606 санымен тіркелген) әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғаларды бірыңғай есепке алу мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Істері соттар ведомствосына қарасты қасақана әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалардың; белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған, сондай-ақ мемлекеттік лауазымды иелену құқығы сотпен айырылған тұлғалардың есебін бірыңғай тәртіпте жүргізу Қағидасын бекіту мен іске қосу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2002 жылдың 13 желтоқсанындағы N 67 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2115 санымен тіркелген) келесі өзгертулер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мен әрі қарайғы мәтіні бойынша "Істері соттар ведомствосына қарасты қасақана әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған;" сөздері алынып тасталынсын;
аталған бұйрықпен бекітілген, істері соттар ведомствосына қарасты қасақана әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалардың; белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған, сондай-ақ мемлекеттік лауазымды иелену құқығы сотпен айырылған тұлғалардың есебін бірыңғай тәртіпте жүргізу Қағидасының:
тақырыбындағы "Істері соттар ведомствосына қарасты қасақана әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған;" сөздері алынып тасталынсын;
1-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталынсын;
"Істері соттар ведомствосына қарасты қасақана әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалардың есебін жүргізу тәртібі" 4-тарауы алынып тасталынсын;
27-тармағы келесі редакцияда берілсін:
"Осы Қағидамен алдын ала қаралған, нысандары белгіленген және материалы сапалы есепке алу-тіркеу құжаттарының бланкілері құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерімен дайындалады.".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі үшін шаралар қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты құқықтық статистика мен арнайы есепке алу субъектілеріне және аумақтық органдарға жолдасын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы Г.В.Кимге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.