О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 13 мая 2003 года N 199 "Об утверждении Правил применения обеспечения уплаты таможенных платежей и налогов таможенными органами", зарегистрированный за N 2299 и признании утратившими силу некоторых нормативных правовых актов Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
N 2299 тіркелген "Кеден органдарының кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қолдануы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 199 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір нормативтік-құқықтық кесімдердің күші жойылды деп тану туралы "Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө  өкімін  орындау үшін, нормативтік-құқықтық кесімдерді Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық кесімдеріне сәйкес келтіру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Кеден органдарының кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қолдануы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 10 мамырдағы N 199  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2299 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 26 шілдеде N 30 (135) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: Кеден органдарының кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету ережесінде:
Тармақ 33
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 33
"33. Банк кепілдігін кеден органына төлеуші ұсынады."; мынадай мазмұндағы 33-1-тармағымен толықтырылсын:
Тармақ 33-1
"33-1. Кеден органдары төлеуші ұсынған банк кепілдігінің түпнұсқалылығына және/немесе мазмұнына қатысты негізді күмәндар туындаған жағдайда, кепілдікті берген банктен жазбаша нысандағы растау сұратуы мүмкін."; 35, 36 және 37-тармақтар алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының қосымшаға сәйкес бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Ішкі жұмыстар басқармасы (Н.Ә. Махмұдов) Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне осы бұйрықты мәлімдесін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (М.К. Исаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі аумақтық бөлімшелерінің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 8
8. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының міндетін атқарушы
Басқа 12. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
"N 2299 тіркелген "Кеден органдарының кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қолдануы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 10 мамырдағы N 199 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір нормативтік-құқықтық кесімдердің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 27 мамырдағы N 240 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. "Жүк кеден декларациясының расталған көшірмесін ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 133  бұйрығы  (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2118 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" жарияланған, 2003 ж., N 11, 815-бап).
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 14 қаңтарда N 2118 тіркелген, Жүк кеден декларациясының расталған көшірмесін ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 133 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 сәуірдегі N 160  бұйрығы  (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2269 болып тіркелген, 2003 жылғы 26 шілдедегі N 30, (135) "Официальная газетте" жарияланған).