О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 13 января 2005 года N 3-1-28п "Об утверждении Правил оказания социальной помощи по бесплатному лекарственному обеспечению отдельных категорий граждан" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Азаматтардың жекелеген санаттарын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнінде әлеуметтік көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғі 13 каңтардағы N 3-1-28қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы ________________________________________ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Азаматтардың жекелеген санаттарын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнінде әлеуметтік көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 13 қаңтардағы N 3-1-28қ қаулысына (Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылғы 21 қаңтарда N 371 болып тіркелген; 2005 жылғы 26 ақпанда N 28-29 "Астана хабары"; 2005 жылғы 10 ақпанда N 20 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған; "Азаматтардың жекелеген санаттарын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнінде әлеуметтік көмек көрсету Қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 13 қаңтардағы N 3-1-28қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 23-6-29к қаулысы Астана қаласының Әділет департаментінде 2006 жылғы 17 ақпанда N 431 болып тіркелген; 2006 жылғы 11-наурызда N 33 "Астана хабары"; 2006 жылғы 14 наурызда N 38 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) қаулының 2-тармағы алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) аталған қаулының 2-қосымшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә.Аманшаевқа жүктелсін. Әкім Әкімнің бірінші орынбасары Әкімнің орынбасары Әкімнің орынбасары Әкімнің орынбасары Әкімнің орынбасары Әкім аппаратының басшысы "Астана қаласының қаржы департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры