О внесении изменений в постановление от 13 мая 2005 года № 1582 «О введении ограничений по бруцеллезу сельскохозяйственных животных в селах Васильевка, Бозанбай» Қолданыста
Басқа 0
2005 жылғы 13 мамырдағы № 1582 «Бозанбай, Васильевка
ауылдарындағы ауыл шаруашылық малдарына сарып ауруы бойынша шектеу енгізу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 447 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық Әділет басқармасында 2007 жылғы 10 қаңтарда N 5-17-55 тіркелді
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339
«Ветеринария туралы» Заңының 27 - бабының 1 - тармағына, Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148-II «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 -
бабының 1 - тармағының 18) - тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің 2004 жылғы 7 қыркүйектегі № 565 «Шығыс Қазақстан
облысында сарып ауруының эпидемиологиялық ахуалы туралы» қаулысын
орындау мақсатында, Аблакетка және Бозанбай ауылдық округтеріндегі
ауыл шаруашылық малдар және адамдар арасындағы сарып ауруының кең
таралуының, тіркелуі мен эпизоотиялық және эпидемиологиялық жағдайдың
күрделенуіне байланысты, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2005 жылдың 13 мамырдағы № 1582
«Бозанбай, Васильевка ауылдарындағы ауыл шаруашылық малдарына сарып
ауруы бойынша шектеу енгізу туралы» (2005 жылғы 23 шілдедегі № 40
«Ұлан таңы» аудандық газетінде жарияланған, тіркеу нөмірі 2364)
қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының атауындағы және 1-тармағындағы:
«Васильевка, Бозанбай ауылдарындағы ауыл шаруашылық малдары» сөздері
«Аблакетка және Бозанбай ауылдық округтерінің ұсақ малдарына»
сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің
орынбасары А. Хайруллинге жүктелсін.