О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 сентября 2005 года № 917 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 қыркүйектегі № 917 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобы, саяси партия мүшелері тізімдерінің дұрыстығын тексеру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 қыркүйектегі № 917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 34, 471-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобы, саяси партия мүшелері тізімдерінің дұрыстығын тексеру ережесінде: 5-тармақтың екінші абзацындағы «жеті жүз» және «елу» деген сөздер «алты жүз» және «қырық» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.