О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 13 декабря 2006 года № 295 «О районном бюджете Узункольского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 295 «Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің қаулысын қарастырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 295 «Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» (2006 жылғы 26 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-33) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) осы шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: «1. Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті мынадай көлемдерде 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін: 1) кірістер - 889 806 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 186 562 мың теңге; салыққа жатпайтын түсімдер - 370 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 21 141 мың теңге; алынған ресми трансферттер - 681 733 мың теңге, оның ішінде, облыстық бюджеттен алынған субвенциялар - 322 497 мың теңге; 2) шығындар - 892 725 мың теңге, 3) операциялық сальдо - -2 919 мың теңге; 4) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге; 5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге; 6) бюджеттің тапшылығы - 2 919 мың теңге; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 919 мың теңге, оның ішінде бос бюджеттік қаражаттар есебінен - 2 919 мың теңге; шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын; 2) Осы шешім мынадай мазмұндағы 2-1-тармағымен толықтырылсын: «2-1. 2007 жылға арналған аудандық бюджетке нысаналы трансферттер түсуі ескерілсін, оның ішінде: 1) білім беруге арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 66 856 мың теңге сомасында, оның ішінде: жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің үлгі штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге 33 690 мың теңге сомасында; білім берудін жаңадан енгізілген объектілерін ұстауға 19 066 мың теңге сомасында; жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелерін Интернет желісіне қосуға және олардың трафигін төлеуге 1 700 мың теңге сомасында; жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелеріне кітапханалық қорларын жаңарту үшін оқулық пен оқу-әдістемелік кешенін сатып алуға және жеткізуге 2 098 мың теңге сомасында; жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелері үшін лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға 5 549 мың теңге сомасында; жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелерде физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен қамтамасыз етуге 4 230 мың теңге сомасында; тамақтануды, тұруды және балаларды тестілеу пунктілеріне жеткізуді ұйымдастыруға 523 мың теңге сомасында; 2) жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелердің кітапхана қорларын жаңарту үшін мемлекеттік тілді үйренуге арналған оқу, анықтама және электрондық әдебиетті сатып алу мен жеткізуге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 237 мың теңге сомасында; 3) электрондық үкімет шеңберінде таза адами капиталдың дамуына республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 1 953 мың теңге сомасында, оның ішінде: бюджеттен тыс салада жұмыс істейтін қызметкерлерге және басқа дәрежедегі азаматтарына жоғары оқу орындары студенттері күшімен бір айдын ішінде компьютерлық сауаттылыкка оқыту - 497 мың теңге; жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау шеңберінде бюджеттік мекемелер қызметкерлері мен жұмыссыз халыққа және мектептерде компьютерлық сауаттылыққа оқыту - 1 456 мың теңге; 4) мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуіне 499 мың тенге сомасында республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер, оның ішінде: арнайы гигиеналық құралдар - 372 мың теңге; жеке көмекшілерге қызмет көрсету - 127 мың теңге; 5) мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде әкімшілік қызметтерге берілетін 3 125 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер, оның ішінде: «Қостанай облысының ауыл шаруашылығы Департаменті» (Басқармасы) бойынша - 668 мың теңге; «Қостанай облысының жер қатынастары басқармасы» бойынша- 2 457 теңге; 6) 2007 жылдың 1 қантарынан бастап барлық жеке тұлғаларға жеке табыс салығының 10 пайыз мөлшеріндегі белгіленген мөлшерлемені енгізуге және салық салу барысында табыстардан айлық есептік көрсеткіші орнына ен төменгі жалақыны алып тастауға байланысты бюджетке түсімдердің ысыраптарын өтеуге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 7 800 мың теңге сомасында; 7) сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға 160 000 мың теңге сомасында, оның ішінде Қостанай облысының Есіл топтық су құбырын қайта жаңарту үшін 160 000 мың теңге сомасында, республикалық бюджеттен берілетін арналған нысаналы трансферттер; 8) аудандық Мәдениет үйді жөндеуге облыстық бюджеттен берілетін арналған ағымдағы нысаналы трансферттер 10 000 мың теңге сомасында.»; 3) Осы шешім 2-қосымшасына сәйкес, 4-қосымшасымен толықтырылсын. 4) Шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Басқа 3
Басқа 4
Басқа 5