О реализации решения Узункольского районного маслихата от 13 декабря 2006 года № 295 «О районном бюджете Узункольского района на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
«Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 295 шешімін жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 64-1 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 1-1), 14) тармақшаларына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 9-19-33 нөмірімен тіркелген «Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 295 шешімін жүзеге асыру мақсатында, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жергілікті бюджеттен мына әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
Тармақша 1
1) осы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, қайтыс болған жұмыссыздарды және кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) үйде оқитын мүгедек балаларға, екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайын әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеу үшін есептік құжаттардың негізінде тексерілудің бағасынан жүз пайыз көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 62-жылдығын мерекелеуге байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медальмен марапатталған азаматтар, концлагерлер, гетто және басқа да еріксіз ұстау орындарының бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына, қаза болған (өлген) жауынгерлердің ата-аналарына және некеге қайта тұрмаған әйеліне (күйеуіне), Ұлы Отан соғысына қатысушылардың қаза болған «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен «Ленинград блокадасының тұрғыны», партизандардың әйелдеріне (күйеулеріне);
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктеріне, мерзімді баспасөз жазылысына, телефон орнатуға;
Тармақша 6
6) «Жеңіс күніне», «Қарттар күніне», «Мүгедектер күніне» мерей той қатысушыларына және Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне;
Тармақша 7
7) әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес тиісті түрлері банктік операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының жеке есеп шотына ақшалай қаражат аударумен жүзеге асырылады;
Тармақша 8
8) әлеуметтік көмек білім беру орындарының түлектеріне, сонымен қатар студенттер санынан жастарға, аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасының, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға, мүгедектерге, дарынды балаларға тағайындалады;
Тармақ 2
2. «Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Мыналар белгіленсін:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек қайтыс болған кезде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген болса қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін тағайындалады және отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асыратын адамдарға төленеді;
Тармақша 2
2) әлеуметтік көмек қайтыс болған кәмелетке толмаған баланы жерлеу үшін еңбекке қабілетті әкесі (ұл (қыз) асырап алушысы) баланың қайтыс болған күніне жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса, баланың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкіліне тағайындалады;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек Қазақстанның жоғары және кәсіптік орта оқу орындарында білім алу үшін қаржы төлеуіне байланысты жалпы орта білім беру ұйымдарына күнкөрісті төмен және көп балалы жанұя түлектеріне, ата-анасының қамқорлығынан айырылғандарға, бала жасынан мүгедектерге, жоғары және кәсіптік орта оқу орындарының фактіге негізделген оқу бағасына сәйкес және заңға негізделе отырып финанс жылына республикалық бюджеттен сәйкес жылға бөлінген жергілікті бюджеттің қаржысынан көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімдемесін қосымшаға сәйкес бекітсін.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.
Тармақ 8
8. «2006 жылға арналған Ұзынкөл ауданындағы жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 9 ақпандагы № 32 қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-15, «Нұрлы жол» 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 15) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 9
9. Ұзынкөл аудандының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтпеуіне байланысты «Ұзынкөл ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» «Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 197» шешімін жүзеге асыру туралы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 33 және осыған ұқсас 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 10 қаулысының күші жойылсын.
Басқа 21. Қайғыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі
Ұзынкөл ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 9 сәуірдегі № 61
қаулысына косымша
Қайғыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 1
1. Белгіленген үлгідегі өтініші.
Тармақ 2
2. Қайтыс болуы туралы куәлігі ( түпнұсқасы, көшірмесі).
Тармақ 3
3. Баланың туу туралы куәлігі ( түпнұсқа, көшірмесі).
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның әкесін (асырап алушысын, қорғаншысын, қамқоршысын) жұмыссыз есебінде тіркеу туралы анықтамасы.
Тармақ 5
5. Ата-анасының, асырап алушының, қорғаншынын, қамқоршының жеке басын куәландыратын құжаты ( түпнұсқасы, көшірмесі), сондай - ақ:
асырап алушы баланы асырап алу туралы шешімді тапсырады (түпнұсқасы, көшірмесі) қорғаншылар (қамқоршылар) қорғаншылық (қамқоршылық) куәлігін береді, болмаса қорғаншылық және қамқоршылық органдарының балаға қамқоршы (қорғаншы) тағайындау туралы шешімін тапсырады (түпнұсқасы, көшірмесі).
Тармақ 6
6. Қайтыс болған баланың анасының жеке басын куәландыратын құжаты (түпнұсқасы, көшірмесі).
Тармақ 7
7. Мүгедектер үшін -дәрігерлік әлеуметтік сараптама комиссиясының мүгедектік тобын белгілеу туралы анықтамасы (түпнұсқасы, көшірмесі).
Тармақ 8. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі
8. Зейнеткерлер үшін - зейнетақы куәлігі ( түпнұсқасы, көшірмесі).
Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 1
1. Белгіленген үлгідегі өтініші.
Тармақ 2
2. Қайтыс болу туралы куәлігі (түпнұсқасы, көшірмесі).
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның қайтыс болған адамның жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын анықтамасы.
Тармақ 4
4. Қайтыс болған жұмыссыздың жеке басын куәландыратын құжаты (түпнұсқасы, көшірмесі).
Тармақ 5. Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек - балаларға әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі
5. Әлеуметтік көмекті алуға құқылы тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаты (түпнұсқасы, көшірмесі), сондай - ақ:
егер жерлеу отбасы мүшелерінің тұрғысынан іске асырылған болса, өтініш иесі туыстық қатынастарды растайтын дерек ретінде құжатты табыс етеді (түпнұсқасы, көшірмесі),
егер жерлеу отбасы мүшелерінің емес, басқа біреудің тұрғысынан іске асырылған болса, өтініш иесі жол-жора қызметтерін көрсететін мекемеден алынған құжатты (түпнұсқасы, көшірмесі) немесе жерлеудің іске асырылғандығын растайтын селолық округ, село әкімі аппаратынан алынған анықтамасын ұсынады.
Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек - балаларға әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 1
1. Белгіленген үлгідегі өтініші.
Тармақ 2
2. Өтініш иесі тұңғыш рет өтініш білдірген уақытта, мына құжаттарды ұсынады:
баланың туу туралы куәлігі (16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға), жеке бас куәлігінің көшірмесі (16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар үшін) (түпнұсқасы, көшірмесі);
тұрғылықты жерінен отбасы құрамы туралы анықтама;
білім Департаментіне қарасты облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық комиссияның мүгедек-баланы үйде оқытып, тәрбиелеу қажеттігі туралы берген анықтамасы (түнұсқасы, көшірмесі);
мүгедек-баланың ата-анасының, асырап алушысының, қамқоршысының, қорғаншысының, басқа да заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (түпнұсқасы, көшірмесі);
асырап алушы, қамқоршы, қорғаншы мәртебесінің бар екендігін растайтын құжаты (түпнұсқасы, көшірмесі);
дәрігерлік-әлеуметтік сараптама комиссиясының анықтамасы (түпнұсқасы, көшірмесі);
мүгедек-баланың үйде тәрбиеленіп және оқып жатқандығын растайтын, мектеп директоры қол қойып, мөр басып куәландырылған анықтамасы.
Тармақ 3. Білім беру орындарының түлектеріне, сонымен қатар студенттер санынан жастарға әлеуметтік көмекті тағайындауда қажетті құжаттар тізбесі
3. Осы оқу жылының ішінде бірнеше рет өтінілген жағдайда өтініш иесі уәкілетті органға келесі құжаттарды тапсырады:
тұрғылықты жерінен отбасы құрамы туралы анықтама;
мүгедек-баланың үйде тарбиеленіп және оқып жатқандығын растайтын, мектеп директоры қол койып, мөр басылып куәландырылған анықтамасы.
Білім беру орындарының түлектеріне, сонымен қатар студенттер санынан жастарға әлеуметтік көмекті тағайындауда қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 1
1. Белгіленген үлгідегі өтініші.
Тармақ 2
2. Өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаты (түпнұсқасы, көшірмесі).
Тармақ 3
3. Отбасы жағдайы туралы анықтамасы.
Тармақ 4
4. Аз қамтылған азаматтар үшін-отбасы мүшелерінің табыстарының бар болуы немесе жок екендігін растайтын құжаттары.
Тармақ 5
5. Оқу орнынан алынған анықтамасы.
Тармақ 6. 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеуге арналған әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі
6. Жоғары немесе орта - арнайы кәсіптік білімді маманды даярлау туралы оқу орнымен жасасқан шарт және берілетін жеңілдіктер туралы оқу орнының бұйрығы.
18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеуге арналған әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 1
1. Белгіленген үлгідегі өтініші.
Тармақ 2. Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктеріне, мерзімді баспасөз жазылысына, телефон орнатуға әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі
2. Өтініш иесі тұңғыш рет өтініш білдірген уақытта, мына құжаттарды ұсынады:
баланың туу туралы куәлігі (16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға), жеке бас куәлігінің көшірмесі (16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар үшін) (түпнұсқасы, көшірмесі);
тұрғылықты жерінен отбасы құрамы туралы анықтама;
мүгедектік тобын белгілеу туралы дәрігерлік-әлеуметтік сараптама комиссиясының анықтамасы.
Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктеріне, мерзімді баспасөз жазылысына, телефон орнатуға әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 1
1. Белгіленген үлгідегі өтініші.
Тармақ 2
2. Қатысушының немесе Ұлы отан соғысының мүгедегі куәлігінің көшірмесі.