О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 13 декабря 2006 года № 295 «О районном бюджете Узункольского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 295 «Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің қаулысын қарастырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1)-тармакшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 295 «Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» (2006 жылғы 26 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-33, 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 4 «Нұрлы жол») шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін, «Мәслихаттың 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 295 «Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 19 қаңтардағы № 316 (2007 жылғы 26 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-36, 2007 жылғы 8 ақпандағы № 6 «Нұрлы жол»); «Мәслихаттың 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 295 «Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 346 (2007 жылғы 8 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-46, 2007 жылғы 24 мамырдағы № 21 «Нұрлы жол») шешімдерімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген: 1) осы шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: «1. Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті мынадай көлемдерде 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін: 1) кірістер - 905 653 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 201 562 мың теңге; салыққа жатпайтын түсімдер - 370 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 21 141 мың теңге; алынған трансферттер - 682 580 мың теңге, оның ішінде, облыстык бюджеттен алынған субвенциялар - 322 497 мың теңге; 2) шығындар - 908 572 мың теңге, 3) операциялық сальдо - -2 919 мың теңге; 4) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге; 5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге; 6) бюджеттің тапшылығы - 2 919 мың теңге; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 919 мың теңге, оның ішінде бос бюджеттік қаражаттар есебінен - 2 919 мың теңге.»; шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын. 2) 4) тармақшаның 2-1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: «4) мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуіне 413 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер, оның ішінде: арнайы гигиеналық құралдар - 372 мың теңге; жеке көмекшілерге қызмет көрсету - 41 мың теңге;»; 3) осы шешім мынадай мазмұндағы 2-2 тармағымен толықтырылсын: «2-2. 2007 жылға арналған аудандық бюджетке білім беру саласындағы мемлекеттік жүйенің жаңа технологиялар енгізуге арналған республикалық бюджеттен берілетін 933 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсуі ескерілсін.».
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Басқа 3