О внесении изменений в решение маслихата от 13 декабря 2006 года № 295 «О районном бюджете Узункольского района на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 295 «Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ұзынкөл ауданы әкімдігінің қаулысын қарастырып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» кодексінің 111-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 295 «Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» (2006 жылғы 26 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-33, 2007 жылғы
25 қаңтардағы № 4 «Нұрлы жол») шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін, «Мәслихаттың 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 295 «Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 19 қаңтардағы № 316 (2007 жылғы 26 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-36, 2007 жылғы 8 ақпандағы № 6 «Нұрлы жол»); «Мәслихаттың 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 295 «Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 19 сәуірдегі № 346 (2007 жылғы 8 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-46, 2007 жылғы 24 мамырдағы № 21 «Нұрлы жол»); «Мәслихаттың 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 295 «Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 365 (2007 жылғы 31 шілдедегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-51, 2007 жылғы 20 қыркүйектегі № 38 «Нұрлы жол») шешімдерімен өзгерістер енгізілген:
1) осы шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Ұзынкөл ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті мынадай көлемдерде 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін:
1) кірістер - 914 357 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 229 780 мың теңге;
салыққа жатпайтын түсімдер - 590 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 703 мың теңге;
алынған трансферттер - 681 284 мың теңге, оның ішінде, облыстық бюджеттен алынған субвенциялар - 322 497 мың теңге;
2) шығындар - 917 276 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -2 919 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге;
6) бюджеттің тапшылығы - 2 919 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 919 мың теңге, оның ішінде бос бюджеттік қаражаттар есебінен - 2 919 мың теңге.»;
шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;
2) 2-1 тармағының 1) тармақшасындағы 8-абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
«жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелерде физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен қамтамасыз етуге 2 975 мың теңге сомасында;»;
3) көрсетілген шешімнің 2-1-тармағының 4) тармақшасындағы 3-абзацы алынып тасталынсын;
4) көрсетілген шешімнің 7-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«7. 2007 жылға арналған Ұзынкөл ауданы жергілікті атқарушы органының резерві 400 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде:
жедел шығындарына - 400 мың теңге.».
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Басқа 3