О внесении изменений и дополнений в решение от 13 декабря 2006 года № 388 «О бюджете Житикаринского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жітіқара ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жітіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы-1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Жітіқара ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу күні 2006 жылғы 26 желтоқсан, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-56, «Житикаринские новости» газетінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 17 санында жарияланған): 1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2007 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 1 308 268 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 870 355 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 2 500 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 3 600 мың теңге; алынған трансферттер бойынша - 431 813 мың теңге, оның ішінде нысаналы ағымдағы трансферттер - 284 276 мың теңге, дамытуға арналған нысаналы трансферттер - 130 413 мың теңге; 2) шығындар - 1 353 648 мың теңге; 3) операциялық сальдо (теріс) - 45 380 мың теңге; 4) тапшылық - 45 380 мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 45 380 мың теңге, оның ішінде бос бюджеттік қаражаттар қалдықтары есебінен - 45 380 мың теңге». 2) көрсетілген шешімнің 4-тармағы мынадай мазмұндағы 4) - 19) тармақшалармен толықтырылсын»: «4) 38 847 мың теңге - жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелер үлгі штаттарының ұсталуын қамтамасыз етуге; 5) 9 515 мың теңге- қайта енгізілген білім объектілерінің ұстауына; 6) 1 935 мың теңге-жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелер трафигін төлеуге және Интернет желісіне қосылуға; 7) 3 429 мың теңге - жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерінің кітапхана қорларын жанарту үшін оқулықтарды және оқу - әдістемелік жинақтарды сатып алуға және жеткізуге; 8) 5 549 мың теңге - жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафонды және мультимедиялық кабинеттердің құрылуына; 9) 4 230 мың теңге - жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде физика, химия, тәнтану кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтауға; 10) 273 мың теңге - тест тапсыру мекендерге балаларды жеткізіп салуға және тұрмысын, тамақтануын ұйымдастыруға; 11) 295 мың теңге - орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардың кітапхана қорларын жанарту үшін мемлекеттік тілді меңгеру бойынша оқу, анықтамалық және электронды әдебиетті сатып алуға және жеткізуге; 12) 3 619 мың теңге - электрондық үкімет шеңберінде адам капиталының дамуына, оның ішінде: 921 мың теңге - жоғары оқу ұйымдар студенттерінің күшімен бюджеттен тыс сферадағы қызметкерлерді және басқа санаттағы азаматтарды бір айдың ағымында компьтерлік сауаптылығына оқытуға; 2 698 мың теңге - бюджеттік ұйымдар кызметкерлерді және жұмыссыз халықты компьтерлік сауаптылығына оқытуға; 13) 824 мың теңге-мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж ететін мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету және ымдау тілі мамандарымен, жеке көмекшілерімен қызметтерді көрсету, оның ішінде: 570 мың теңге - мұқтаж ететін мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге; 254 мың теңге - жеке көмекшілермен қызметтердің көрсетілуіне; 14) 1 752 мың теңге- қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері келетін, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік төлем тарифінің жоғарлау өтемақысына; 15) 2 305 мың теңге - мемлекеттік басқару деңгейлер арасындағы өкілеттіктерді шектеу шеңберінде тапсырылатын әкімшілік қызметтерге, оның ішінде: 668 мың теңге - Жітіқара ауданының ауыл шаруашылық бөлімі бойынша; 1 637 мың теңге - Жітіқара ауданының жер қатынастары бөлімі бойынша; 16) 10 778 мың теңге - айлық есептік көрсеткішінің орнына минималды еңбек ақыға салық салу кезінде табыстардан шығару және 2007 жылдың 1 қаңтарынаң барлық жеке тұлғаларға 10 пайыз мөлшерінде жеке табыс тіркелген ставкасын енгізуімен байланысты бюджетке түсімдер шығындарының орнын толтыру үшін; 17) 86 794 мың теңге-инженер-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру үшін; 18) 40 000 мың теңге - Жітіқара ауданының Волгоградский, Мүктікөл, Тимирязев селоларының Волгоград топтық су құбырының қайта құрылуына; 19) 30 000 мың теңге - коммуналдық меншікте болған, жылу желілерінің пайдалануын ұйымдастыруға». 3) көрсетілген шешімнің 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «6. 26 000 мың теңге сомасына 2007 жылға арналған Жітіқара аудандық әкімдігінің резерві, оның ішінде 100 мың теңге сомасына сот шешімдері бойынша міндеттерді атқаруға резерві және 25 900 мың теңге сомасына шұғыл шығындарға резерві бекітілсін». Көрсетілген шешімнің 1, 2, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Басқа 4
Басқа 5