О реализации решения Житикаринского районного маслихата от 13 декабря 2006 года № 388 «О бюджете Житикаринского района на 2007 год» Күшін жойған
Басқа 0
«2007 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 Жітіқара аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 31 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес және «2007 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу күні 2006 жылғы 26 желтоқсан, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-56, 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 17 «Житикаринские новости» газетінде жарияланған) 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 Жітіқара аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмек түрінде аудандық бюджеттен мынандай әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
Тармақша 1
1) 2007 жылға арналған аудан бюджетінен бөлінген қаржы шегінде жылына төленетін оқудың нақты құны мөлшерінде Қазақстан Республикасының жоғары және орта кәсіби оқу орындарына ақы төлеу үшін орта жалпы білім беретін оқу орынын бітірушілер. Қазақстан Республикасының жоғары және орта кәсіби оқу орындарында оқуға ақы төлеу үшін, орта жалпы білім беретін оқу орындарын бітірушілерге әлеуметтік көмек алуға мына азаматтардын құқы бар:
Қостанай облысы бойынша тиісті жылдың екінші тоқсанына белгіленген, жан басына шаққандағы орташа айлық табысы азық-түлік себеті құнынан төмен отбасыларынан шыққандардың;
ата-анасынан қамқорсыз қалған, соның ішінде, жетім балалардың; бала кезінен мүгедек деп танылғандардың құқығы бар деп белгіленсін;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмай қайтыс болған балаларды жерлеуге тиісті жылға белгіленген 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Кәмелетке толмай кайтыс болған балаларға:
егер, әкесі (ұл етіп асырап алушы, қыз етіп асырап алушы, корғаншы, қамқоршы) бала қайтыс болған күні Уәкілетті органға жұмыссыз есебінде тіркелген болса, мүгедек немесе зейнеткер болса;
кәмелетке толмаған баланың анасы жұмыссыз есебінде Уәкілетті органға тіркелу фактісіне қарамастан әлеуметтік көмек тагайындалады.
Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы мен отбасынын камтамасыз етілу деңгейін есепке алады және Уәкілетті орган ерекше жағдайда әлеуметтік көмек беру мәселесін шешеді.
Ата-ана құқығынан айрылған, кәмелетке томағай кайтыс болған балалары бар ата-аналарға әлеуметтік көмек тағайындалмайлы және бөленбейді.
Тармақша 3
3) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Жұмыссыз қайтыс болар сәтте жұмыссыз есебінде Уәкілетті органға тіркелген болса, қайтыс болған жұмыссызды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындалады және де ол көмек қайтыс болғанның отбасы мүшесіне немесе оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға төленеді.
Тармақша 4
4) «Жітіқара ауданының құрметті азаматы» атағы бар азаматтарға ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) Аудан бюджеті есебінен ұсталатын ұйымдардан зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерге, сондай-ақ, материалдық көмекке мұктаж зейнеткерлер мен мүгедектерге Қазақстан Республикасының мүгедектер Күні мен қарттар Күніне біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) арнаулы комиссия шешімімең еңбек өтілі анықталған немесе расталған, 1941-1945 жылдар аралығында алты айдан кем емес жұмыс істеген өтілі бар тұлғаларға жеңіс Күніне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 7
7) отбасындағы жан басына шаққанда табыстары азық-түлік себеті құнынан төмен азаматтарға біржолғы - 5000 теңгеге дейінгі мөлшерде әлеуметтік көмек;
Тармақша 8
8) отбасындағы жан басына шаққанда табыстары азық-түлік себеті құнынан төмен азаматтарға біржолғы - 4500 теңгеге дейінгі мөлшерде қатты отын алуына;
Тармақша 9
9) отбасындағы жан басына шаққанда табыстары азық-түлік себеті құнынан төмен отбасы азаматтарына, әлеуметтік себептер бойынша күн көру қаражатынсыз қалған ауданда тұратын азаматтарға күніне бір рет ыстық тамақ беріледі.
Жоғарыда аталған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі Уәкілетті орган болып, «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Уәкілетті орган) болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Ыстық тамақ түріндегі әлеуметтік көмектен басқа, әлеуметтік төлемдердің барлық түрлері, алушылардың жеке есеп шоттарына ақша қаражаттарын аудару жолымен Уәкілетті органмен төленеді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік төлемдер, аудандық бюджетте осы мақсатқа қарастырылғандай ақша қаражаты шегінде жузеге асырылады.
Тармақ 4
4. Қаулы оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енеді.