О внесении изменений и дополнения в решение от 13 декабря 2006 года № 388 «О бюджете Житикаринского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жітіқара ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Жітіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Жітіқара ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-56, «Житикаринские новости» газетінде 2006 жылғы 29 желтоқсанда жарияланған, бұрын: «Жітіқара ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 402 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-58, № 3 «Житикаринские новости» газетінде 2007 жылғы 19 қаңтарда жарияланған, «Жітіқара ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 435 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-69, «№ 15 Житикаринские новости» газетінде 2007 жылғы 13 сәуірде жарияланған, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген): Көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2007 жылға арналған аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 1 350 887 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 833 376 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 2 324 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 5 755 мың теңге; алынған трансферттер бойынша - 509 432 мың теңге, оның ішінде нысаналы ағымдағы трансферттер - 361 895 мың теңге, дамытуға арналған нысаналы трансферттер - 130 413 мың теңге; 2) шығындар - 1 396 267 мың теңге; 3) операциялық сальдо (теріс) - 45 380 мың теңге; 4) тапшылық - 45 380 мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 45 380 мың теңге, оның ішінде бос бюджеттік қаражаттар қалдықтары есебінен - 45 380 мың теңге»; Көрсетілген шешімнің 4 тармағында: «136 639 мың теңге» саны мен сөзі «191 639 мың теңге» саны мен сөзіне; «824 мың тенге» саны мен сөзі «1024 мың теңге» саны мен сөзіне; «570 мың теңге» саны мен сөзі «770 мың теңге» саны мен сөзіне; «1752 мың теңге» саны мен сөзі «440 мың тенге» саны мен сөзіне ауыстырылсын; Көрсетілген шешімнің 4 тармағы мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын: «20) 3731 мың тенге - жалпы орта білім беретін мемлекеттік жүйесінде интерактивтік оку жүйесін енгізуге»; Көрсетілген шешімнің 6 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «6. 4067 мың теңге сомасына 2007 жылға арналған Жітіқара аудандық әкімдігінің резерві, оның ішінде 3167 мың теңге сомасына шұғыл шығындарға резерві және 900 мың теңге сомасына сот шешімдері бойынша міндеттерді атқару резерві бекітілсін»; Көрсетілген шешімнің 1, 4 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Басқа 4