О внесении изменений в решение от 13 декабря 2006 года № 388 «О бюджете Житикаринского района на 2007 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жітіқара ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 588 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жітіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Жітіқара ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 шешіміне өзгерістер енгізілсін мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-56, «Житикаринские новости» газетінде 2006 жылғы 29 желтоқсанда жарияланған, бұрын: «Жітіқара ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы қаңтардағы № 402 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-58, № 3 «Житикаринские новости» газетінде 2007 жылғы 19 қаңтарда жарияланған, «Жітіқара ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 435 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-69, № 15 «Житикаринские новости» газетінде 2007 жылғы 13 сәуірде жарияланған, «Жітіқара ауданының 2007 жылға арналған бюджеті туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2007 жылғы 24 шілдедегі № 465 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-74, № 31 «Житикаринские новости» газетінде 2007 жылғы 27 шілдеде жарияланған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген): Көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2007 жылға арналған аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 1387218 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 861482 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 2218 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 11755 мың теіге; алынған трансферттер бойынша - 511763 мың теңге, оның ішінде нысаналы ағымдағы трансферттер - 364226 мың теңге, дамытуға арналған нысаналы трансферттер - 130413 мың теңге; 2) шығындар - 1432598 мың теңге; 3) операциялық сальдо (теріс) - 45380 мың теңге; 4) тапшылық - 45380 мың теңге; 5) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 45380 мың теңге, оның ішінде бос бюджеттік қаражаттар қалдықтары есебінен - 45380 мың теңге»; Көрсетілген шешімнің 4 тармағындағы: «4230 мың теңге» саны мен сөзі «6561 мың теңге» саны мен сөзіне ауыстырылсын; Көрсетілген шешімнің 6 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «6. 2007 жылға арналған Жітіқара аудандық әкімдігінің резерві, 1986 мың теңге сомасына, оның ішінде 1086 мың теңге сомасына шұғыл шығындар резерві және 900 мың теңге сомасына сот шешімдері бойынша міндеттерді атқару резерві бекітілсін»; Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Жітіқара ауданының 2007 жылға арналған бюджеті
2007 жылғы 19 қазандағы № 21 шешіміне қосымша 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 шешіміне 1-қосымша Жітіқара ауданының 2007 жылға арналған бюджеті