О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Аксу от 13 декабря 2007 года № 1037/9 "Об утверждении стандартов и регламентов государственных услуг оказываемых государственными органами, финансируемыми из городского бюджета" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттерін бекіту туралы" № 1037/9 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің тұрпатты стандартын бекіту туралы" № 558, 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің тұрпатты регламентін бекіту туралы" № 559, 2007 жылғы 30 маусымдағы "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетулердің тізілімін бекіту туралы" № 561 қаулыларына сәйкес, қала экімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақсу қаласы экімдігінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарттары мен регламенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 24 қаңтарда № 12-2-82 тіркелген және "Ақжол-Новый путь" қалалық газетінде 2008 жылғы 31 қаңтарда № 6, 2008 жылғы 7 ақпанда № 7, 2008 жылғы 14 ақпанда № 8, 2008 жылғы 21 ақпанда № 9, 2008 жылғы 28 ақпанда № 10, 2008 жылғы 6 наурызда № 11, 2008 жылғы 13 наурызда № 12, 2008 жылғы 20 наурызда № 13, 2008 жылғы 27 наурызда № 14 жарияланған) № 1037/9 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: қала әкімдігінің көрсетілген қаулысының 1-тармагы "59", "61", "63", "65" деген сандармен толықтырылсын; қала әкімдігінің көрсетілген қаулысының 2-тармағы "60", "62", "64", "66" деген сандармен толықтырылсын; қала әкімдігінің көрсетілген қаулысының 45, 46-қосымшалары қала әкімдігінің осы қаулысының 1, 2- қосымшаларына сэйкес жаңа редакцияда жазылсын; қала әкімдігінің көрсетілген қаулысының 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66-қосымшалары қала әкімдігінің осы қаулысының 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшаларына сәйкес толықтырылсын.
Тармақ 2
2. "Ақсу қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастықтары қала әкімдігінің осы қаулысынан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.
Тармақ 3
3. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол ресми жарияланган сәттен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарлары Г.М. Стрельбаға, Б.Ш. Ағжановқа, Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.