О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 13 апреля 2007 года № 314 "О мерах по модернизации экономики Республики Казахстан" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 120-құжат; № 38, 430-құжат; 2008 ж., № 24, 226-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 49-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 50, 453-құжат., 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Тармақша 2
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның дербес құрамы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ЕРЕЖЕ
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті                                      Н. Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 401 Жарлығына 1-ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысының актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік комиссия төрағадан, оның орынбасары мен Мемлекеттік комиссия мүшелерінен тұрады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Тармақ 2. 2. Мемлекеттік комиссияның міндеттері мен функциялары
2. Мемлекеттік комиссияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 5
5. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі ұсынымдық шешімдер әзірлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан дағдарысқа қарсы бөлінген қаржыны қайта пайдалану жөнінде Мемлекеттік комиссияның міндеттері болып табылады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік комиссия осы міндеттерді орындау үшін:
Тармақша 1
1) Қазақстанның экономикасын индустриялық-инновациялық дамыту, жаңғырту мәселелері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген дағдарысқа қарсы қаражатты қайта пайдалану мәселелері бойынша ұсынымдық шешімдер шығарады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген дағдарысқа қарсы қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуына мониторинг, сондай-ақ Қазақстан экономикасын индустриялық-инновациялық дамыту, жаңғырту мәселелері бойынша қабылданған шешімдерді іске асыру жөнінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар қабылдаған шараларға мониторинг жүргізеді;
Тармақша 3
3) орталық атқарушы органдардан және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады.
Тармақ 3. 3. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Мемлекеттік комиссияның қызметіне басшылық жасауды Мемлекеттік комиссияның төрағасы жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Төраға болмағанда оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік комиссия өз қызметін Мемлекеттік комиссияның төрағасы бекітетін, мүдделі мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша жұмыс органы жасайтын тоқсан сайынғы жоспарлар негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы  Экономикалық даму және сауда министрлігіболып табылады, оның функциялары:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік комиссияның отырыстарына дайындықты қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) алдағы кезеңге арналған тоқсан сайынғы жоспар жобаларын қалыптастыру және алдағы тоқсандағы бірінші айдың 1-күніне дейін кемінде 15 күнтізбелік күн бұрын Мемлекеттік комиссияның төрағасына бекітуге енгізу;
Тармақша 3
3) есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне мемлекеттік органдар ұсынатын деректер негізінде тапсырмаларды орындау жөніндегі атқарылған жұмыс туралы қорытылған ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін жарты жылда бір рет Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жолдау;
Тармақша 4
4) тоқсан сайынғы жоспардың көшірмесін Мемлекеттік комиссияның мүшелеріне, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға оны алған күнінен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей жіберу;
Тармақша 5
5) тоқсан сайынғы жоспарда көзделген отырыстың күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдарды (анықтамалар, тұсаукесерлер, хаттамалық шешімдердің жобалары, сөйлеушілер мен қатысушылардың тізімдері) жинау және Мемлекеттік комиссияның отырыстарын өткізу мерзімдерінің жоспарына сәйкес белгіленген отырыс өткізілгенге дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын Мемлекеттік комиссияның төрағасына ұсыну;
Тармақша 6
6) Мемлекеттік комиссияның отырысы хаттамасының жобасын Мемлекеттік комиссияның мүшелеріне келісуге және бұрыштама қоюға жіберу болып табылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік комиссия төрағасының шешімі және жұмыс органының ұсыныстары бойынша қарауға жоспардан тыс мәселелер шығарылатын кезектен тыс отырыстар шақырылуы мүмкін. Кезектен тыс отырыс өткізілетін күн, оған шығарылатын мәселелер бойынша материалдар ұсыну және Мемлекеттік комиссия мүшелерінің өз қатысуын растау мерзімі Мемлекеттік комиссия төрағасының кезектен тыс отырысты шақыру туралы шешімінде айқындалады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік комиссияның тоқсан сайынғы жоспарына алдағы тоқсанға арналған мәселелерді енгізу үшін мүдделі мемлекеттік органдар жұмыс органына өз ұсыныстарын (тиісті материалдарды) жоспарланғаннан кейінгі тоқсанның соңғы айының 1-күніне дейін береді.
Тармақ 13
13. Мүдделі мемлекеттік органдар Мемлекеттік комиссияның тоқсан сайынғы жұмыс жоспарын алған соң өздеріне тоқсан сайынғы жоспарда жүктелген іс-шараларды уақтылы ұйымдастырады. Отырыстың күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар (мәселе бойынша анықтама, тұсаукесерлері, хаттамалық шешімнің жобасы, сөйлеушілер мен қатысушылар тізімі) жұмыс органына тоқсан сайынғы жоспарға сәйкес айқындалған отырыс өткізілгенге дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын берілуі тиіс.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік комиссияның отырысы Мемлекеттік комиссия төрағасының бастамасымен жоспарланған отырысқа дейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмеЙ шақырылады.
Тармақ 15
15. Отырыс басталғанға дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын Мемлекеттік комиссияның мүшелері отырысқа өздерінің қатысатынын растайды.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік комиссияның отырыстары оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды болады. Мемлекеттік комиссияның мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік комиссияның шешімдері оның отырысына қатысушы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және жүргізілген дәлжазбаның негізінде хаттамамен ресімделеді. Мемлекеттік комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағалық етуші берген дауыс шешуші болып табылады. Мемлекеттік комиссия хаттамасының көшірмесі Мемлекеттік комиссияның барлық мүшелеріне және мүдделі мемлекеттік органдар мен тұлғаларға жіберіледі.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік комиссияның мүшелері хаттаманың жобасын, оны алған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде келіседі және бұрыштама қояды.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік комиссияның алдына қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында оның шешімдерімен Мемлекеттік комиссияның жанынан жұмыс топтары құрылады, олардың құрамы мен міндеттері Мемлекеттік комиссияның хаттамасымен айқындалады.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік комиссияның отырыстарына оның мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
Тармақ 21
21. Жұмысының нәтижелері туралы Мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасының Президентіне жыл сайын баяндап тұрады және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңеске Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген дағдарысқа қарсы қаражатты қайта пайдалану мәселесі бойынша есеп береді.
Тармақ 22. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ
22. Мемлекеттік комиссияның қызметі Қазақстан Республикасының Президенті шешімінің негізінде тоқтатылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 401 Жарлығына 2-ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ Ахметов               Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Серік Нығметұлы       төраға Сұлтанов              Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Бақыт Тұрлыханұлы     Басшысының орынбасары, төрағаның орынбасары Келімбетов            Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Қайрат Нематұлы       орынбасары Исекешев              Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Әсет Өрентайұлы       орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Досаев                Қазақстан Республикасының Экономикалық даму Ерболат Асқарбекұлы   және сауда министрі Жәмішев               Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Шөкеев                «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Өмірзақ Естайұлы      акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) Мирчев Александр      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)