О внесении дополнения в решение Астраханского районного маслихата от 13 декабря 2007 года № 4С-4-8 «Об утверждении Правила оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан» Қолданыста
Басқа 0
Астрахан аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С-4-8 «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік Кодексіне, Қазақсатан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және аудан әкімінің 2008 жылғы 21 мамырдағы № 501 хатының негізінде, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Астрахан аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С-4-8 «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы» (Ақмола облысы Астрахан ауданының әділет Басқармасында 2008 жылғы 24 қаңтарда 1-6-76 нөмірмен тіркелген 2008 жылғы 8 ақпанда № 5 аудандық «Маяк» газетінде жарияланған) шешіміне толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 6 тармақ келесі мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
«күндізгі орта және жоғары кәсіптік оқу орындарын сол жылы бітіріп, білім мекемелеріне жұмыс істеу үшін келген педагогтық білімі бар жас мамандар»;
10 тармақ келесі мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
«жас мамандар жазбаша өтініштерін келесі құжаттарды қосып тіркейді:
1) жеке еңбек шартының көшірмесін;
2) жеке куәлік көшірмесін;
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесін;
4) әлеуметтік жеке код көшірмесін;
5) мекен-жайын растайтын құжат көшірмесін»;
14-1 тармақпен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«14-1. Осы ереженің 6 тармағында аталған жас мамандар үшін төлем мөлшері мынаны құрайды:
1) орта кәсіптік білімі бар тұлғаға 50 мың теңге;
2) жоғары кәсіптік білімі бар тұлғаға 100 мың теңге.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап шыққан, құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 3
3. Нақты шешім Ақмола облысы Астрахан ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күні күшіне енеді және бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннің өтуі бойынша әрекетке енгізіледі.