О внесении изменений в решение Щучинского районного маслихата от 13 декабря 2007 года № С-4/10 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи на погребение умерших отдельным категориям граждан» Қолданыста
Басқа 0
Щучье аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-4/10 «Қайтыс болған азаматтардың жекелеген тобын жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, 2004 жылғы 24 сәуірдегі «Қазақсан Республикасының Бюджеттік кодексі» Заңының 53 бабы, 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес және қайтыс болған азаматтардың жекелеген тобын жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Щучье аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Щучье аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-4/10 «Қайтыс болған азаматтардың жекелеген тобын жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» (тіркеу № 1-19-119 24 каңтар 2008 жыл), 2008 жылғы 14 ақпандағы № 13 «Луч», 2008 жылғы 4 ақпандағы № 6 «Бурабай» аудандық газеттерінде жарияланған шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
2 тараудың 4 тармағының 7 тармақшасындағы «арыз берушінің жеке куәлігі» сөздері «арыз берушіні куәландыратын құжат» сөздеріне ауыстырылсын;
2 тараудың 4 тармағының 8 тармақшасындағы «тұрғындарды тіркеу кітабының көшірмесі» сөздері «қайтыс болған азаматтың тұрған жерін куәландыратын құжат» сөздеріне ауыстырылсын;
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысы Щучье аудандық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.