О внесении изменений в решение Щучинского районного маслихата от 13 декабря 2007 года № С-4/11 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи на дополнительное питание больным туберкулезом на период амбулаторного лечения» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Щучье аудандық маслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-4/11 «Туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезеңінде қосымша тамақтандыруға әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, 2004 жылғы 24 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің» 53 бабы 1 тармағы 4 тармақшасына сәйкес және туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезеңінде қосымша тамақтандыруға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Щучье аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Щучье аудандық маслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-4/11 «Туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезеңінде қосымша тамақтандыруға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі № 1-19-118, 23 қаңтар 2008 жыл, 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 8 «Луч» газетінде, 2008 жылғы 31 каңтардағы «Бурабай» газетінде № 5 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезеңінде қосымша тамақтандыруға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерінің 1 «Жалпы ереже» бөлімінде: 3 тармағындағы «тізім негізінде» сөздері «туберкулезбен ауыратындарға берілген анықтама негізінде» сөздерімен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) Туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезеңінде қосымша тамақтандыруға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерінің 3 «Қажетті құжаттар тізімі» бөлімінде: 10 тармақтың 1 тармақшасындағы «жеке куәлік» сөздері «жеке басын куәландыратын құжат» сөздерімен ауыстырылсын; 3 тармақшадағы «салық төлеушінің куәлігі» сөздері «Щучье аймақтық туберкулезге қарсы диспансер» ММ берген анықтамасы» сөздерімен ауыстырылсын; 10 тармақтың 4 тармақшасы алып тасталсын;
Тармақша 3
3) Туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезеңінде қосымша тамақтандыруға әлеуметтік көмек көрсету Ережелерінің 4 «Туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезеңінде қосымша тамақтандыруға әлеуметтік көмектің мөлшері және төлемі» бөлімінде: 13 тармақ келесі редакцияда берілсін: «13. Туберкулезбен ауыратындарға амбулаторлық емделу кезеңінде қосымша тамақтандыруға әлеуметтік көмек төлемі, жергілікті бюджет есебінен, қаржымен қамтамасыз етілгеніне қарай жүргізіледі».
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Щучье аудандық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.