О внесении изменений и дополнений в решение Щучинского районного маслихата от 13 декабря 2007 года № С-4/13 «Об оказании социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах» Қолданыста
Басқа 0
Щучье аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-4/13 «Ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын алуға кеткен шығынға әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабы, 5 тармағына, 2007 жылғы 27 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы білім туралы» Заңының 53 бабы, 2 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын алуға кеткен шығынға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Щучье аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Щучье аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-4/13 «Ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын алуға кеткен шығынға әлеуметтік көмек көрсету туралы» (тіркеу № 1-19-121, 24 каңтар 2008 жыл), 2008 жылғы 14 ақпандағы № 13 «Луч», 2008 жылғы 7 ақпандағы № 7 «Бурабай», аудандық газеттерінде жарияланған шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2 тармақта «мекемесімен» сөзінен кейін «арыз және» сөздерімен толықтырылсын;
2 тармағы 1 тармақшасының «жеке куәлігі» сөздері «арыз берушіні куәландыратын құжат» сөздеріне ауыстырылсын;
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысы Щучье аудандық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.