О внесении дополнения в решение Щучинского районного маслихата от 13 декабря 2007 года № С-4/13 «Об оказании социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах» Қолданыста
Басқа 0
Щучье аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-4/13 «Ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын алуға кеткен шығынға әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабы, 5 тармағына, 2007 жылғы 27 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы білім туралы» Заңының 53 бабы, 2 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын алуға кеткен шығынға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Щучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Щучье аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-4/13 «Ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын алуға кеткен шығынға әлеуметтік көмек көрсету туралы» (Аймақтық Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 1-19-121, 2008 жылғы 7 ақпандағы № 7 аудандық «Бурабай» газетінде, 2008 жылғы 14 ақпандағы № 13 аудандық «Луч», газетінде жарияланған) шешіміне Щучье аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 3 шілдедегі № С-7/9 (Аймақтық Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 1-19-132, 2008 жылғы 21 тамыздағы № 37 аудандық «Бурабай» газетінде, 2008 жылғы 21 тамыздағы № 67 аудандық «Луч» газетінде жарияланған) шешімімен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге келесі толықтыру енгізілсін:
шешімінің атауындағы, кіріспе сөзбасындағы және 1 тармағындағы «көмек көрсету» сөздерінен кейін «және білім беру мамандарына коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу» сөздермен толықтырылсын;
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысы Щучье аудандық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.