О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 13 декабря 2007 года № 455 "Об утверждении Квалификационных требований, предъявляемых к профессиональным бухгалтерам" Қолданыста
Басқа 0
"Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5050 тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 4 (1230) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптары:
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Аудиторға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген «аудитор» білігін беру туралы біліктілік куәлігі бар тұлғалар жоғарыда көрсетілген емтихандарды тапсырудан босатылады.
3-2. Diploma in the International Financial Reporting (DipIFR ACCA) дипломы бар тұлғалар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.