О внесении изменений и дополнений в решение Щучинского районного маслихата от 13 декабря 2007 года № С-4/9 «Об утверждении Правил «О предоставлении малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на оплату содержания жилища (кроме содержания индивидуального жилого дома), потребления коммунальных услуг и телефонной абонентской связи» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Щучье аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-4/9 «Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерге төлемақы жасау үшін әл-ауқаты төмен азаматтарға тұрғын үй және телефон абоненттерінің байланысына жәрдемақы беру» Ережелерді бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 «Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуыла өтемақы төлеудің кейбір мәселелері » туралы Қаулысына сәйкес Щучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Щучье аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-4/9 «Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерге төлемақы жасау үшін әл-ауқаты төмен азаматтарға тұрғын үй және телефон абоненттерінің байланысына жәрдемақы беру» Ережелерді туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1-1 115 25 желтоқсан 2007 жыл) 2008 жылғы 17 қаңтарындағы № 5 «Луч», 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 2 «Бурабай» газеттерінде жарияланған шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1 тараудың 2 тармағындағы «бюджетінде» сөзі «кіріс түрлерінің сомасында» сөздеріне алмастырылсын; 1 тараудың 3 тармағындағы «барлық табысының» сөзі «кіріс түрлерінің сомасына» сөздеріне алмастырылсын; 1 тараудың 12 тармағындағы «оның жалпы табысы» сөздері «кірістері туралы» сөздеріне алмастырылсын; 1 тарау келесі мазмұндағы 12-1 тармағымен толықтырылсын: «12-1. Тұрғын үй көмегін алушы үміткер азаматтардың (отбасының) кіріс түрлерінің сомасын есептеп шығаратын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган)». 2 тарау келесі мазмұндағы 14-1 тармағымен толықтырылсын: «14-1. Отбасының кіріс түрлерінің сомасына тұрғын үй, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектен, 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардан, қайтыс болғандарды жерлеуге және бала тууына байланысты берілетін бір жолғы төлемдерден басқа тұрғын үй көмегін алу үшін өтініш жасаған тоқсанға қарағандағы өткен тоқсандағы нақты алынған барлық табыс түрлері есепке алынады: 1) еңбекақы түрінде алынған кірістер; 2) зейнетақының барлық түрлері, мүгедектігі бойынша, асыраушының қайтыс болуына және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; мемлекеттік арнайы жәрдемақылар; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; сондай-ақ жергілікті басқару органдарының шешімдерімен және жұмыс берушілердің тәртібімен тағайындалған заңдармен және басқа нормативтік құқықтық актілермен төленетін төлемақылар; 3) балалардың және басқа қарауындағылардың алименттері; 4) денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында алынған бір жолғы сомалар; 5) жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кіріс; 6) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін кіріс; 7) өз еркімен көрсетілген басқа кірістер. Еңбекақы ретінде алынған кірістерге мыналар кіреді: жалақының барлық түрлері, оның ішінде сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемақылар және ақшалай және заттай көрсетілген әлеуметтік жеңілдіктер, заңдарға сәйкес жұмыс істеген уақытына негізгі, сондай-ақ, қатар жұмыс орынынан төленген ашалай сомалар; басқа төлем түрлері (жеке еңбек шартын бұзған жағдайдағы өтемақылар, жеке еңбек шартын бұзған жағдайда жыл сайынғы демалысын пайдаланбағаны үшін, жұмысшыларды мекемемен бірге басқа жаққа ауыстырған жағдайдағы өтемақылар, оқу демалысы төлемі)»; 2 тарау келесі мазмұндағы 14-2 тармағымен толықтырылсын: «14-2. қалалы және ауылды жерде тұратын тұрғындар жеке қосалқы шаруашылықтан түскен кіріс (саяжай, үй жанындағы телім, бақшадан басқа) бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады»; 2 тарау келесі мазмұндағы 14-3 тармағымен толықтырылсын: «14-3. Кәсіпкерлік қызметтен, мүліктен және жер үлесі жарнасынан түскен кіріс көрсетілген болып есептеледі.»
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысы Щучье аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен уақыттан бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Щучье аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 қаңтардағы № С-5/8 шешіміне қосымша Тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) күтіп ұстау және коммуналдық қызметтерге төлемақы жасау үшін әл-ауқаты төмен азаматтарға тұрғын үй және телефон абоненттерінің байланысына жәрдемақы беру ЕРЕЖЕЛЕРІ Осы Ережелер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі «Телефон абоненттеріне тарифтің өсуіне байланысты айырмашылығын кері қайтару» туралы Қаулысына сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі тұрмысы төмен отбасына (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй жалдауға (арендалау) төлемақы жасау үшін беріледі және әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып саналады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемақысы Щучье ауданының қала мен ауылдық жерлерде тұрақты тұратын азаматтарға, тұрғын үйді күтіп ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің төлемақы шығыны үй алаңы мен тұрғын үй-коммуналдық қызметін тұтынудың шектеулі нормативтері шеңберінде отбасы табыс түрлерінің сомасы осы мақсаттардағы үлес шегінен асып түскен жағдайда берілуге тиіс.
Тармақ 3
3. Шығын шегінің үлесі отбасының барлық кіріс түрлерінің сомасының 11 пайызын құрайды.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй жәрдемақысы ауданда тұрақты тұратын және үй иелері болып табылатын (жалдаушы) (жеке тұрғын үйден басқа) жеке тұлғаларға тағайындалады.
Тармақ 5
5. Төлем қамсыздандыратын шегі тұрғын үй ауданы нормасы, он сегіз шаршы метр пайдалы алаң көлемінен адам басына аспайтын, бірақ бір бөлмелі пәтер шамасынан кем болмаған жағдайда беріледі.Тұрғын үй алаңы мөлшерден асқан жағдайда артық болып есептеледі.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй жәрдемақысы жалдаушыға (меншік иесіне) есептеу сомасымен салыстырғанда төлемнің азайтылуы ретінде тұрғын үйді күтіп ұстау және тұрғын үй-коммуналдық қызметі тұтынуға төлем аударуы арқылы беріледі.Тұрмыстық көмектің көлемі тұрғын үйді күтіп ұстау және тұрғын үй-коммуналдық қызметі тұтынуға төлемнің нақты сомасынан аспауы тиіс.
Тармақ 7
7. Жеке иелігінде бірнеше үйлері бар немесе үйін жалға (арендаға) беретіндер тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады.
Тармақ 8
8. Егер отбасы құрамында жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және еңбекпен қамту бөлімінде тіркелмеген жұмысқа жарамды адамдар болса, тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жойылады. Бұған мүгедектерге күтім жасап отырған адамдар, немесе 3 жасқа дейінгі (бір немесе одан да көп) баланы тәрбиелеумен айналысатын адамдар және зейнеткерлікке шығуға жақын қалғандар (3 ай қалғандар) жатпайды.
Тармақ 9
9. Үйге коммуналдық көмек пәтерді жылыту мезгілінде орталық жылу және ыстық су жүйесіне қосылмаған, бірақ пәтер жеке жылыту жүйесімен жұмыс істейтін жағдайда төленеді.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй жәрдемақысы бір тоқсанға тағайындалады.
Тармақ 11
11. Тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызмет көрсету ақысының тарифі өзгерген жағдайда, мемлекеттік мекеме «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» бұрын есептелген тұрғын-үй көмегіне қайта есептеу жүргізеді.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй жәрдемақысын алушы өз үйінің меншік нысанының түрлі өзгеріске түсуі, отбасы құрамы және оның табыс түрлерінің сомасы, сондай-ақ көмек дұрыс есептелінбегенде, осы жағдайлар туралы мемлекеттік мекеме «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» 10 күн ішінде хабарлауға міндетті. Жәрдемақы көмегі қызметіне жалған мәліметтер беріп көтеріңкі немесе заңсыз тұрғын үй көмегін алған меншік иелері 1 жыл бойына жәрдемақы алу құқығынан айырылады. Ал заңсыз тұрғын үй көмегі түрінде алынған ақша заң жолымен қайтарылады.
Тармақ 12-1
12-1. Тұрғын үй көмегін алушы үміткер азаматтардың (отбасының) кіріс түрлерінің сомасын есептеп шығаратын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган).
Тарау 2. 2. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау.
2. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі шешім меншік иесінің (жалдаушының) өтінішіне құжаттарын қосып тапсырған күннен бастап он күн ішінде қабылданады.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй жәрдемақысын алу үшін өтінішке қосып төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:
Тармақша 1
1) меншіктендіру шарты (егер пәтер меншіктендірілмесе, ордер), сату-сатып алу шарты, айырбас шарты (бірінші рет өтініш берушілерге ксерокөшірмесі);
Тармақша 2
2) жеке бас куәлігі, немесе пәтер иесінің төлқұжаты (бірінші рет өтініш берушілерге ксерокөшірмесі);
Тармақша 3
3) отбасының кұрамы (азаматтарды тіркеу кітабінан ксерокөшірме);
Тармақша 4
4) жарық пен газдың есеп кітапшалары (өткен тоқсандағы төлем жасағаны туралы түбіртектер);
Тармақша 5
5) еңбек ақы, зейнетақы, жәрдемақы, алимент туралы анықтамалар;
Тармақша 6
6) жұмыссыздарға-еңбекпен қамту бөлімінен анықтама;
Тармақша 7
7) жылжымайтын мүлік туралы анықтама (жылына бір рет);
Тармақша 8
8) абонент-қалалық телекоммуникация абоненті екені жөніндегі анықтама (келісім шарт, немесе телекоммуникацияға төлеген түбіртек-шот ксерокөшірмесі) тапсырады.
Тармақ 14-1
14-1. Отбасының табыс түрлерінің сомасына тұрғын үй, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектен, 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылардан, қайтыс болғандарды жерлеуге және бала тууына байланысты берілетін бір жолғы төлемдерден басқа тұрғын үй көмегін алу үшін өтініш жасаған тоқсанға қарағандағы өткен тоқсандағы нақты алынған барлық табыс түрлері есепке алынады:
Тармақша 1
1) еңбекақы түрінде алынған кірістер;
Тармақша 2
2) зейнетақының барлық түрлері, мүгедектігі бойынша, асыраушының қайтыс болуына және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; мемлекеттік арнайы жәрдемақылар; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; сондай-ақ жергілікті басқару органдарының шешімдерімен және жұмыс берушілердің тәртібімен тағайындалған заңдармен және басқа нормативтік құқықтық актілермен төленетін төлемақылар;
Тармақша 3
3) балалардың және басқа қарауындағылардың алименттері;
Тармақша 4
4) денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында алынған бір жолғы сомалар;
Тармақша 5
5) жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс;
Тармақша 6
6) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс;
Тармақша 7
7) өз еркімен көрсетілген басқа табыстар. Еңбекақы ретінде алынған табыстарға мыналар кіреді: жалақының барлық түрлері, оның ішінде сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемақылар және ақшалай және заттай көрсетілген әлеуметтік жеңілдіктер, заңдарға сәйкес жұмыс істеген уақытына негізгі, сондай-ақ, қатар жұмыс орынынан төленген ашалай сомалар; басқа төлем түрлері (жеке еңбек шартын бұзған жағдайдағы өтемақылар, жеке еңбек шартын бұзған жағдайда жыл сайынғы демалысын пайдаланбағаны үшін, жұмысшыларды мекемемен бірге басқа жаққа ауыстырған жағдайдағы өтемақылар, оқушы демалысы төлемі);
Тармақ 14-2
14-2. Қалалы және ауылды жерде тұратын тұрғындар жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс (саяжай, үй жанындағы телім, бақшадан басқа) бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
Тармақ 14-3
14-3. Кәсіпкерлік қызметтен, жылжымыйтын мүліктен және жер үлесі жарнасының табысы өтінішпен есептеледі.
Тармақ 15
15. Күдік туған жағдайда мемлекеттік мекеме «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» тұрғын-үй көмегін алушы үміткер жеке тұлғалардан табысы туралы мәліметтерге сұрау салуға құқылы.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй жәрдемақысының көлемі тұрғын үйді күтіп ұстау және тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне нақтылы төлемдермен жалға алушы (меншік иесі) өтемақымен қамтымасыз ету мөлшері шегінде берілген отбасының осы мақсатқа рұқсат етілетін шектелген деңгейі айырмасы ретінде есептеледі.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй жәрдемақысының төлемі аудандық бюджеттің қаржысы есебінен жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік мекеме «Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» өтінушінің жеке арызына сәйкес бөлінген қаражатты тұрмыстық көмек көрсетуші коммуналдық қызметтермен жабдықтаушыларға аударады.
Тармақ 19
19. Қызметкерлер тарапынан тұрғын үй көмегі заңсыз тағайындалса, оған кінәлі лауазымды адамдар заң жүзінде жауапқа тартылады.
Тарау 3. 3. Телефон абоненттеріне тарифтің өсуіне байланысты айырмашылығын кері қайтару.
3. Телефон абоненттеріне тарифтің өсуіне байланысты айырмашылығын кері қайтару.
Тармақ 20
20. Телекоммуникацияның қалалық торабының абоненті (әріқарай-абонент)-жеке адам, телекоммуникацияның торабынан келісім шарт арқылы телефонный, абоненттік номерін, немесе индентификациялық код иесі.
Тармақ 21
21. Қалалық телекоммуникацияда телефоны бар әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін төленетін абоненттік төлем тұрғын-үй және коммуналдық көмек арқылы тек телефон үшін белгіленген қаржы.
Тармақ 22
22. Абонентерге абоненттік тарифтың телефонға өсуіне байланысты бұрынғы төлеммен айырмашылығы тұрғын үй-коммуналдық төлемақы мөлшеріне қосылады.
Тармақ 23
23. Телефон иесіне төленетін абоненттік жәрдем екінші деңгейдегі банк арқылы, осы жасаған қызметіне тұрғын үй жәрдемақысына жасалған шарт негізінде төленеді.