О внесении дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 13 июня 2007 года № 493 и от 5 февраля 2008 года № 104 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 493 және 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.02.2015 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Тармақша 2
2) «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде): «Материалдар, химикаттар, «микроорганизмдер» және «токсиндер» деген 1-санат бөлімінде: «Мыналар секілді токсинді химиялық заттарды жасау үшін пайдалануы мүмкін химикалийлер:» деген 1С350 бөлік мынадай мазмұндағы 55, 56, 57, 58, 59-тармақтармен толықтырылсын: «55. Этилдиэтаноламин; 56. О,О-диэтил-фосфоротиоат; 57. О,О-диэтил-фосфородитиоат; 58. Натрий гексафторосиликаты; 59. Метилфосфонотионды дихлорид.»; «Мыналар секілді адам және жануарлар үшін қауіпті патогендер және токсиндер:» деген 1С351 бөлік мынадай мазмүндағы d, e, f тармақшаларымен толықтырылсын: «d. WB1, WB2, WB3 түрлерінің бактериялары; e. F1 Coccidiodes immitis және F2 Coccidiodes posadasii саңырауқұлақтары; f. Генетикалық түрлендірілген ағзалар;»; «Мыналар секілді жануарларға қауіпті патогендер:» деген 1С352 бөлік мынадай мазмұндағы с, d тармақшаларымен толықтырылсын: «с. АВ2 mycoplasmacapricolum (штамм F38) бактериялары; d. Тізімге қосылған микроағзалардың кез келгенінің патогендігіне байланысты нуклеин қышқылының тізбектерінен құралатын AG2 генетикалық түрлендірілген ағзалары.»; «Мыналар секілді өсімдіктерге қауіпті патогендер:» деген 1С354 бөлік мынадай мазмұндағы d, е тармақшаларымен толықтырылсын: «d. PV1 және PV2 вирустары; e. Генетикалық түрлендірілген ағзалар.»; «Материалдарды өңдеу» деген 2-санат бөлімінде: «Мыналар секілді химиялық өндірістік қондырғылар мен жабдық:» деген 2В350 бөлік мынадай мазмұндағы k, l, m, n, о тармақшаларымен толықтырылсын: «k. Реакциялык түтікшелер, реакторлар; l. Сақтауға арналған бактар, контейнерлер немесе қабылдағыш резервуарлар; m. Жылу алмастырғыштар немесе конденсациялық аппараттар; n. Ректификациялық немесе сіңіргіш бағаналар; о. Қалпақшалар.»; «Мына секілді биологиялық материалдарды өңдеуге арналған жабдық:» деген 2В352 бөлік мынадай мазмұндағы b, с, d, e тармақшаларымен толықтырылсын: «b. Тозаңдату немесе ұсақ тамшы бүрку жүйелері және олардың құрамдауыштары; с. Фазааралық поликонденсаторлар; d. Фазалық бөлгіштер; e. Кәдімгі үй-жайлар немесе турбулентті ауа ағыны бар үй-жайлар.». 📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.02.2015 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.