О внесении изменений и дополнений в решение городского маслихата от 13 декабря 2007 года № 5/34 "О городском бюджете на 2008 год" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 5/34 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 116-бабының 5-тармағына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және 2007 жылғы 6 желтоқсандағы N 8-ІV "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 5/34 (N 11-1-72 тіркелген, 2007 жылы 27 желтоқсандағы N 213-214 "Маңғыстау" және 2007 жылы 27 желтоқсандағы N 217-218 "Огни Мангистау" газеттерінде жарияланған), 2008 жылғы 18 ақпандағы "Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 5/34 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 6/49 шешіміне (N 11-1-78 тіркелген 2008 жылы 15 наурыздағы N 43 (7270) "Маңғыстау" және 2008 жылы 15 наурыздағы N 43-44 (9972-9973) "Огни Мангистау" газеттерінде жарияланған), 2008 жылғы 22 мамырдағы "Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 5/34 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 9/88 шешіміне (N 11-1-83 тіркелген, 2008 жылы 7 маусымдағы N 88 "Маңғыстау" және 2008 жылы 7 маусымдағы N 91-92 "Огни Мангистау" газеттерінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2008 жылға арналған қалалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 9 884 584 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 7 392 144 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 265 564 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 987 950 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 1 238 926 мың теңге; 2) шығындар - 10 332 947 мың теңге; 3) операциялық сальдо - 448 363 мың теңге; 4) таза бюджеттік несиелендіру - 0 теңге; 5) қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо - 109 900 мың теңге, соның ішінде қаржылық активтерді сатып алуға - 109 900 мың теңге; 6) бюджеттің тапшылығы (профициті) - 558 263 мың теңге; 7) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитін қолдану) - 558 263 мың теңге". 2 тармақтағы: 1 абзацтағы "20,8" саны "18,5" санымен ауыстырылсын; келесі мазмұндағы 5 абзацпен толықтырылсын: "Шетел азаматтардың табысынан, төлем көзінен ұсталмайтын жеке табыс салығы - 95,8%". 4-4 тармақтағы "3 646" саны "4 006" санымен ауыстырылсын; 2 абзацтағы "3 183" саны "3 543" санымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. "КЕЛІСІЛДІ": Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы __________________А.Н.Ким 16 шілде 2008 жыл