О внесении изменений в решений городского маслихата от 13 декабря 2007 года № 5/34 "О городском бюджете на 2008 год" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 5/34 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 116-бабының 5 тармағына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 1 тармақшасына және облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 7 қазандағы "Облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 11 желтоқсандағы "2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы" N 3/24 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" N 8/108 шешіміне сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 5/34 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 11-1-72 болып тіркелген, 2007 жылы 27 желтоқсандағы N 213-214 "Маңғыстау" газетінде жарияланған), 2008 жылғы 18 ақпандағы "Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы " 2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 5/34 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 6/49 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 11-1-78 болып тіркелген, 2008 жылы 15 наурыздағы N 43 "Маңғыстау" газетінде жарияланған), 2008 жылғы 22 мамырдағы "Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 5/34 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 9/88 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 11-1-83 болып тіркелген, 2008 жылы 7 маусымдағы N 88 "Маңғыстау" газетінде жарияланған), 2008 жылғы 16 шілдедегі "Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 5/34 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 10/99 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 11-1-88 болып тіркелген, 2008 жылы 29 шілдедегі N 116 "Маңғыстау" газетінде жарияланған), "Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 5/34 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 2 қыркүйектегі N 12/115 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 11-1-93 болып тіркелген, 2008 жылы 30 қыркүйектегі N 151 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2008 жылға арналған қалалық бюджет" 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде жазылсын: 1) кірістер – 10 489 249 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер бойынша – 7 858 360 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша – 242 263 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 149 700 мың теңге; трансферттердің түсімдері бойынша – 1 238 926 мың теңге; 2) шығындар – 10 705 194 мың теңге; 3) операциялық сальдо – 215 945 мың теңге; 4) таза бюджеттік кредит беру – 0 теңге; 5) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 192 318 мың теңге, соның ішінде қаржы активтерiн сатып алуға – 192 318 мың теңге; 6) бюджеттің тапшылығы (профициті) – 408 263 мың теңге; 7) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 408 263 мың теңге". 2 тармақтағы бірінші абзацтағы "20,6" саны "24,2" санымен ауыстырылсын. 5-тармақтағы "28 576" саны "5 559" санымен ауыстырылсын. 7-тармақтағы 2-қосымша осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. "КЕЛІСІЛДІ": "Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бастығы __________ А.Н. Ким 15 қазан 2008 жыл