О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 13 октября 2008 года № 669 Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы N 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы "Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы N 669 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Самұрық" холдингі" АҚ) мен "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - "Қазына" АҚ) қосу жолымен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) құрылсын.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестері) Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе);
Тармақша 2
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
Тармақша 3
3) осы қаулыға 3-қосымшаға («қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен) сәйкес Қордың тәуелсіз директорларына берілетін сыйақылардың мөлшері және төлеу шарттары бекітілсін.
Тармақ 3
3. "Самұрық" холдингі" АҚ мен "Қазына" АҚ заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде өз мүлкіне бағалау жүргізсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) "Самұрық" холдингі" АҚ мен "Қазына" АҚ қосу жолымен қайта ұйымдастыруды;
Тармақша 2
2) Қор Жарғысын бекітуді;
Тармақша 3
3) Қорды Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 4
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. "Kazakhmys PLC" және "Eurasian Natural Resources Corporation PLC" қоспағанда, тізбеде көрсетілген заңды тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде Қордың орналастырылатын акцияларына берілетін акциялардың мемлекеттік пакеттеріне бағалау жүргізсін.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін "Kasakhmys PLC" және "Eurasian Natural Resources Corporation PLC" акцияларының мемлекеттік пакеттеріне бағалау жүргізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Қорды тіркеу рәсімдерін жүргізгеннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бір апта мерзімде:
Тармақша 1
1) осы қаулының 5, 6-тармақтарына сәйкес жүргізілген бағалауды ескере отырып, тізбеде көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге беруді;
Тармақша 2
2) "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін кейіннен Қордың орналастырылатын акцияларын төлеуге бере отырып, Қорға сенімгерлік басқаруға беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес құрамда Қордың Директорлар кеңесі сайлансын.
Тармақ 8-1
8-1. Қордың Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 2024 жылғы 1 қаңтар – 2026 жылғы 31 желтоқсан болып белгіленсін.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
Тармақша 1
1) он күн мерзімде - Қор қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумның жобасын;
Тармақша 2
2) бір апта мерзімде - жоғарыда аталған Жарлыққа және осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын енгізсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 11
11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына 1-қосымша Акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі Р/с N Ата­уы Ак­ци­я­лар­дың мем­ле­кет­тік па­ке­ті (жар­ғы­лық ка­пи­тал­да­ғы қа­ты­су үле­сі) 1 2 3 1 "Қа­за­то­мө­нер­к­ә­сіп" ұлт­тық атом ком­па­ни­я­сы" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 100% 2 "Са­ры­ар­қа" әле­умет­тік-кә­сіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы" ұлт­тық ком­па­ни­я­сы" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 100% 3 "Кас­пий" әле­умет­тік-кә­сіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы" ұлт­тық ком­па­ни­я­сы" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 100% 4 "То­был" әле­умет­тік-кә­сіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы" ұлт­тық ком­па­ни­я­сы" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 100% 5 "Ба­тыс" әле­умет­тік-кә­сіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы" ұлт­тық ком­па­ни­я­сы" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 100% 6 "Оң­тү­стік" әле­умет­тік-кә­сіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы" ұлт­тық ком­па­ни­я­сы" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 100% 7 "Ер­тіс" әле­умет­тік-кә­сіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы" ұлт­тық ком­па­ни­я­сы" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 100% 8 "Же­ті­су" әле­умет­тік-кә­сіп­кер­лік кор­по­ра­ци­я­сы" ұлт­тық ком­па­ни­я­сы" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 100% 9 "Қа­зақ­стан ипо­те­ка­лық ком­па­ни­я­сы" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 91% 10 "Қа­зақ­стан­дық ипо­те­ка­лық кре­дит­тер­ге ке­піл­дік бе­ру қо­ры" ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 88,7 % 11 "Kazakhmys PLC" (Ұлы­бри­та­ния) 14,99 % 12 "Eurasian Natural Resources Corporation PLC" (Ұлы­бри­та­ния) 11,65%
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Тармақ 1
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: "Астана қаласы" деген бөлімде: реттік нөмірлері 21-70, 21-71 және 21-85-жолдар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-109-жолмен толықтырылсын: "21-109. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ"; "Алматы облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 38-4-жол ("Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ) алып тасталсын; "Ақтөбе облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 133-5-жол алып тасталсын; "Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 165-14-жол алып тасталсын; "Қостанай облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 229-10-жол ("Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ) алып тасталсын; "Маңғыстау облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 236-8-жол алып тасталсын; "Оңтүстік Қазақстан облысы" деген бөлімде реттік нөмірі 298-жол ("Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ) алып тасталсын.
Тармақ 2
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне" деген бөлімде реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне" деген бөлімде реттік нөмірлері 217-8 және 217-9-жолдар алып тасталсын; "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне" деген бөлімде реттік нөмірлері 237-19, 237-26, 237-27, 237-28, 237-29, 237-30, 237-31 және 237-32-жолдар алып тасталсын; "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне" деген бөлімде реттік нөмірі 268-3-жол алып тасталсын.
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
Тармақ 6
6. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 22, 205-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: "Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамы" және "Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы" деген жолдар алып тасталсын.
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына 3-қосымша Қызмет бабында пайдалану үшін
Басқа 4. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына 4-қосымша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы Қазақстан Республикасының Премьер–Министрі – Директорлар кеңесінің төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Директорлар кеңесінің мүшесі Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі - Директорлар кеңесінің мүшесі Жәмішев Болат Бидахметұлы – тәуелсіз директор Лука Сутера – тәуелсіз директор Мұхаммед Жәмил әл Рамахи - тәуелсіз директор Вонг Хэн Файн - тәуелсіз директор __________________________________