О внесении изменений в решение акима сельского округа Кызылтобе от 13 июня 2008 года №238-а «Қызылтөбе селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима сельского округа Кызылтобе от 13 июня 2008 года №238-а «Қызылтөбе селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы»
- Атауы (қаз.)
- Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 13 маусымдағы №238-а «Қызылтөбе селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 25.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 25.01.2017 110005_161502.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17MGA03276
- ЭКБ идентификаторы
- 110005
- Редакция идентификаторы
- 110005_161502
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:22
0 Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің
2008 жылғы 13 маусымдағы №238-а
«Қызылтөбе селолық округінің
әкімшілік-аумақтық құрылысына
қарасты құрамдас бөліктеріне
атаулар беру туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», 2013 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес және Қызылтөбе ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 13 маусымдағы №238-а «Қызылтөбе селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-9 болып тіркелген, 2008 жылғы 18 шілдедегі №28 (31) «Мұнайлы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызылтөбе ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы»;
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қызылтөбе ауылдық округінің шығысында орналасқан жалпы ауданы 349,0 гектарды (2034 жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімінен тұратын) құрайтын тұрғын үй массивіне Қызылтөбе-2 атауы берілсін.»