О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Аршалынского района от 13 мая 2009 года № А-267 "Об оказании материального обеспечения детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому по Аршалынскому району" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Аршалы ауданы бойынша үйлерінде оқытылатын және тәрбиенелетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы" Аршалы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № А-267 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Аршалы ауданы бойынша үйлерінде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы» Аршалы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № А-267 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 1-4-148 болып тіркелген, 2009 жылдың 25 маусымында «Вперед», 2009 жылдың 3 шілдесінде «Аршалы айнасы» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: 3-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын; 3-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Материалдық қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттар көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқаларында ұсынылады, сонан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады»; 3-тармақтың құжаттар тізбесі мынадай тармақшалармен толықтырылсын: 4) белгіленген нысанда өтініш; 5) азаматтардың тіркеу кітабы; 6) мүгедек баланың ата-анасының, ұл баланы асыраушысының (қыз баланы асыраушысының), қамқоршысының, қорғаншысының жеке басын куәландыратын құжат.
Тармақ 2
2. Аршалы ауданы әкімдігінің осы қаулысы Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛГЕН: «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Б.Сыздықова «Аршалы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.Чернова