О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 мая 2009 года № 704 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы N 704 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы N 704 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
"Барлығы" деген жолдағы "2180" деген сандар "2201" деген сандармен ауыстырылсын;
"Экономика мамандықтары"
50
-
222,8"
деген жол алынып тасталсын;
"Білім беру мамандықтары"
85
-
155,8"
деген жолдағы "85" деген сандар "156" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.