О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 мая 2009 года № 704 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 704 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 704 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 222-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
«Жаңа университетке арналған резерв 550 158,1 316,3» деген жол алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.